Get Mystery Box with random crypto!

'Шынымды айтайын, ата-бабаңмен араласып, өзім таңдап құрық сал | Кітап үзіндісі

"Шынымды айтайын, ата-бабаңмен араласып, өзім таңдап құрық салған күйеу емессің. Бұрын қалыңдық пен күйеуді ата-аналары қалаушы еді. Көпті көрген көнелер балаларын құтты жеріне қондырарда барар ұясының бапты болу жағын ойлайтын. Бүгінде билік жастардың өзіне тиді ғой. Оның атын не деуші едіңдер, сүйіспендік дейсіңдер ме? Бұрын ата-анасы ақылы толыспаған жастың алды-артын түгел ойлайтын. Жастықтың буына мас болып, көңіліне желік кірген жас нені ойлайды? Сүйіспендік дейсіңдер ғой. Сонда қашанғы жаласып сүйісе бересіңдер? Сиыр да бұзауын бір маусым ғана жалайды. Соның ар жағында отбасының өмірі мен тірлігі бар. Соны ойладыңдар ма?" деп тура алқымнан алды. Мен үндей алмай қалдым. Кемпір де, ойлансын деген болар, төмен қарап біраз үнсіз отырды. Біз осы "ғашықтық, махаббат" дейміз-ау, бақсам жас адам сезімге мас болып жүріп көп нәрсені ойламайды екен. Қамқа әженің сөзі маған көп ой салды. Бұрын "бір-бірімізді жақсы көрдік қой, одан артық не керек", деп жүре беруші едім. Осы жайлы кейін де біраз толғандым.

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"