Get Mystery Box with random crypto!

Сәлем. Мен — Қазақ тілімін. Мен әлсіз әрі бейшара тілмін. Мен | Кітап үзіндісі

Сәлем. Мен — Қазақ тілімін. Мен әлсіз әрі бейшара тілмін. Мен адамзатқа игілік әкелген бірде бір ғалым мен технократтың аузынан шықпағанмын. Мен тек қана өзін жоғалтқан ұрпақтың аузында ғана жүрмін. Менің дәрежемнің төмендігі соншалық, жетістікке жеткен менің ұланым үлкен орталарда сөйлейтін болса, айналасының бәрі де оны "мәмбет", "мал сасыған колхозник" деген көзқараспен қарай бастайды. Мені білетін адамдарды осылайша үнемі ұятқа қалдыратын диуана тілмін мен. Қымбат ресторанға қайыршы біреу кіріп кетсе, оны қуып шығарып жіберетіні сияқты, зиялы орындарға кіруге менің құқығым жоқ.

Садық Шерімбек "JÜZ"