Get Mystery Box with random crypto!

Намазын оқымай кеткен бауырыма. Исламсыз бекер ғой өмір сүрге | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ



Намазын оқымай кеткен бауырыма.

Исламсыз бекер ғой өмір сүрген,
Бес парызбен өткерген өмір күшті.
Сан пенденің арманы болып жүрген,
Намазыңнан айырылыпсың өкінішті.

Аллаға мойынсұнбау-күнә жаман,
Күнәһардың өмірі қара тұман...
"Менмін" деген хан, патшалар жете алмаған,
Айырылып қалыпсың байлығыңнан.

Алласына бағынып, құлдық ұрмай,
Кімді көрдің ақиқат жолды тапқан?
Оқудың орынына қаза қылмай,
Айырылып қалыпсың нағыз бақтан.

Алла ерекше сүйеді му'мин құлын,
Дұғасын қабылдайды жылап қылған.
Жын, шайтанға тойтарыс беретұғын,
Айырылып қалыпсың қаруыңнан.

Біліп тұрып бет бұрсаң тура жолдан,
Ертең отқа күйесің алаулаған...
Жақындатпай тыятын арсыздықтан,
Айырылып қалыпсың қорғаныңнан.

Алдыңда есеп берер ұлы күн бар,
Өкінесің өте алмасаң сұрақтардан.
Қап-қараңғы қапастан алып шығар,
Айырылып қалыпсың шуақ нұрдан.

Намазыңа орал бауырым уақыт созбай,
Алла қабыл етеді тәубе қылсаң...
Раббың парыз қылғанды орындамай,
Қалай үміт етесің жәннатынан?


Албаров Мадияр

Whatsapp:
https://chat.whatsapp.com/EKprj3M095B9GC6c6cWvgx

@madiyardyn_jazbalary