Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ӘЙЕЛДЕРМЕН ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУ «Әйелдеріңмен | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ӘЙЕЛДЕРМЕН ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУ


«Әйелдеріңмен жақсы тұрып,
жақсы қарым-қатынаста болыңдар».
(«Ниса» сүресі, 19-аят).

«Қаншалықты тырысып бақсаңдар да, әйелдеріңнің бәріне бірдей қарап, әділ бола алмайсыңдар. Ендеше, біреуін басқалардан артық көріп, өзгесін (тұрмыс құрса да өзін күйеусіз сезінетіндей) жіпсіз байлап қоймаңдар. Егер өткен-кеткен қателіктеріңді түзетіп, әділетсіздік жасаудан сақтансаңдар, әлбетте, Аллаһ тағала өте кешірімшіл, ерекше мейірімді».
(«Ниса» сүресі, 129-аят)
.

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші болмасын. Егер де қандай да бір мүмін әйелдің әлдебір мінезі көңіліне жақпаса, басқа бір қасиетін ұнатар», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, рада 61).


@hadister_jinagy