Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ «Ер адамдар әйел | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ


«Ер адамдар әйелдеріне басшы (яғни, әйелді бағып-қағу, қорғау және тәрбиелеу – ер адамның міндеті). Өйткені, Аллаһ тағала (күш-қуат тұрғысынан) оларды бір-бірінен (ер адамды әйел затынан) үстем қылды әрі ер адамдар (отбасының) нәпақасын табушы. Ал, салиқалы әйелдер
Аллаһқа және ерлеріне басы бүтін бойсұнады (Ерлері жоқ кезде) Аллаһ олардың құқығын қалай қорғаса, олар да ерлерінің хақысын қорғап, абыройларын әрі ерлері тапқан дүние-мүлікті сақтайды һәм араларындағы сырға берік болады».
(«Ниса» сүресі, 34-аят)

-ХАДИС:

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, уәсая 9; Муслим, имара 20).

@hadister_jinagy