Get Mystery Box with random crypto!

Соңыңнан барып тұрады күнә болып... Әлеуметтік желіге жүктей | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ



Соңыңнан барып тұрады күнә болып...

Әлеуметтік желіге жүктей салдың,
Әуретің ашық тұрған суретіңді.
Аз болғандай күнәні тағы да алдың,
Емдей алмай асқынған індетіңді.

"Ода тұрған не бар?" деп шала ойлап,
Жер басып жүре бересің емін-еркін.
шайтаның сені солай қойған алдап,
Күнді ойлатпай Раббыңмен кездесетін.

Айтайын ақиқатты білгің келсе:
"Қыз міндеті әуретін жауып, қымтау.
Тақуалық киімі киілмесе,
Қыз баланың сұлулығы өзіне жау"


***

Аяқасты ажалың келіп сенің,
Суретіңді өшіре алмай қалсаң өліп
Қараған улы көзі әр еркектің,
Соңыңнан барып тұрады күнә болып...

Албаров Мадияр

Whatsapp:
https://chat.whatsapp.com/EKprj3M095B9GC6c6cWvgx

@madiyardyn_jazbalary