Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (р.а.): «Пайғамбарымыз (са | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Амр ибн әл-Ахуас әл-Жушами (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу қажылығында Аллаһ тағалаға мақтау айтып, шүкіршілік білдірген соң жамағатқа былай деп насихат айтқанын естідім: «Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шын мәнінде оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша, (51) олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ. Егер әйелдерің қандай да бір арсыздыққа барса, олардан бөлек жатып, бір жерін зақымдап алмайтындай етіп ұрыңдар. Егер бойсұнатын болса, оларды басынып, қиянат жасамаңдар. Жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олардың алдында атқарар міндеттеріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болуы және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету», – деген.

(Тирмизи, рада 11).

(51) Күйеуіне опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша

@hadister_jinagy