Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 38

2021-06-07 02:20:23 Надандықтың белгісі..
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Надандықтың белгісі үшеу. Олар:
1. Толық естімей жатып жауап беру.
2. Түсінбей жатып қарсы шығу.
3. Толық білмей жатып үкім айту".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.2K views23:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 13:45:05 Ғұлама Ибраһим ибн Адһам (Алла оны рақымына бөлесін) бір күні Басра қаласының базарына келеді. Табан астында адамдар Ибраһимді қаумалап алып: "Дұға қылып-ақ жатырмыз. Алайда қабыл болмайды. Неге?" деп сұрайды. Ибраһим: "Себебі жүректерің он тұрғыдан өлген" деп жауап береді. Жұрт таңырқап: "Ол он зат не екен?" деп сұрайды. Ибраһим:
- Алланы танығансыңдар. Алайда Алланың ақысын өтемедіңдер.
- Алланың пайғамбарын жақсы көреміз деп даурықтыңдар. Алайда оның сүннетін тәрік еттіңдер.
- Құран оқыдыңдар. Алайда Құранның үкімдеріне сай әрекет етпедіңдер.
- Алланың нығметін жедіңдер. Алайда сол нығметтің шүкірін өтемедіңдер.
- Шайтанды ата дұшпаным деп соқтыңдар. Алайда соның ізімен жүрдіңдер.
- Жүмақты хақ деп білдіңдер. Алайда жұмаққа кіргізерлік іс жасамадыңдар.
- Тозақты хақ деп білдіңдер. Алайда тозақтан қашпадыңдар.
- Өлімді хақ деп білдіңдер. Алайда өлімге дайындық жасамадыңдар.
- Ұйықтамадыңдар. Ояу жүрдіңдер. Өз айыптарыңды түзетпей, тек жұрттың айыбын іздеумен болдыңдар.
- Марқұм болған туыстарыңды көмдіңдер. Алайда содан ғибрат алмадыңдар" деген екен.
1.4K viewsedited  10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 05:51:55 Дұға...
Әйгілі ғұлама, имам Асмағи (Алла оны рақымына бөлесін) бір бәдәуидің былай деп дұға қылғандығын естіген екен.
"Уа, Аллаһым! Менің ырыздық-нәсібем аспанда болса, оны маған түсір! Ал егер ырыздық-нәсібем жерде болса, оны жерден шығарып маған бер! Ырыздық-нәсібем алыста болса, маған жақындатып бер! Жақында болса, жеңілдетіп бер! Аз болса көбейтіп бер! Көп болса, оған береке бер!".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.3K viewsedited  02:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 05:24:09 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Түбіңе жетіп, құрдымға жетелейтін мына үшеуінен аулақ бол!
1. Ашкөздік. Себебі ашкөздік Адам атаны жұмақтан шығарды.
2. Көре алмаушылық. Себебі көре алмаушылық Қабылдың Әбілді өлтіруіне жол ашты.
3. Тәкаппарлық. Себебі тәкаппарлық Ібілістің мәртебесін түсірді".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
869 viewsedited  02:24
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 22:59:15 Ойлаймын да ...
Сырт көрініске мән бермеңіз. Себебі бір қарағанда тұз да құмшекерге ұқсайды.
1.1K viewsedited  19:59
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 02:19:35 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Дүниенің жақсылары - жомарттар. Ақыреттің жақсылары - тақуалар".

Уа, Жаратқан Жаббар Ием! Бізді саған бағынатын, шариғатыңмен жүретін тақуа құлдарыңның қатарынан қыл! Жұма мүбарак болсын! Жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
1.3K viewsedited  23:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 03:15:02 "Мына бесеуінің сәні мыналармен арта түседі. Олар:
1. Денсаулықтың сәнін молшылық келтіреді.
2. Сапардың сәнін жақсы жолдас келтіреді.
3. Әдеміліктің сәнін жақсы мінез арттырады.
4. Ұйқының сәнін жанның тыныштығы кіргізеді.
5. Түннің сәні Алланы зікір етумен кіреді".
Сахаба Әли ибн Әбу Тәліп (Алла оған разы болсын).
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
294 views00:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 06:06:03 Кім бақытты?...
Ғұламалардың біріне: "Ең бақытты адам кім?" деп сұралған екен.
Ол: "Ең бақытты адам демі тоқтаса да жасаған ізгі ісінің сауабы тоқтамаған адам" деп жауап берген екен.
Жасаған Жаббар Ием), сіз бен бізге дәл осындай бақытты нәсіп етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
525 viewsedited  03:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 02:28:51 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Көзге көрінерлік құлшылығың қанша артса да, ешбір күнәһар мұсылманды өзіңнен төмен санама! Бәлки оның күнәсін іштей мойындап, мұңайып жүргендігі Сенің құлшылығыңа сеніп масаттанып жүргеніңнен Құдайдың құзырында артық шығар. Немесе оның жұрт көзіне түспеген, жасырын жасап жүрген сауапты ісі бар шығар. Қалай болғанда да ол сауапты ісі, сенің жасап жүрген құлшылығыңнан артық болар. Себебі жария істен кейде құпия жасалған істер озады"
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.6K viewsedited  23:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 04:54:38 Әйгілі ғұлама, табиғин Хасан Басриге (Алла оған разы болсын) біреу келіп: "Менің бойжеткен бір қызым бар. Соған құда түсіп жатқандар бар. Қызымды кімге берейін?" деп сұрайды.
Ол: "Қызыңды Құдайдан қорқатын жанға бер! Егер қызыңды жақсы көріп, көңілі жарасса құрмет көрсетеді. Ал егер көңілі жараспай, сүймей қалса тым болмаса қызыңа зұлымдық жасамайды" деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.2K views01:54
Ашу / Түсініктеме