Get Mystery Box with random crypto!

Қатардан қалма!... Ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақым | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Қатардан қалма!...
Ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін) рамазан айының соңғы он күндігі былай деп толғайды.
"Құран Кәрімде мынадай аят бар.

"(Уа, Мұхаммед! Оларға менің мына сөзімді жеткіз): "Уа, күнәға батып өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм есепсіз берілген нығметтерді зая еткен құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол - Ғафур (күнәларды кешіруші), Рахим (һәм аса рақымды) (Зүмәр сүресі, 53 аят).
Уа, күнәға белшесінен батқан бейбақ! Негізінде бәріміз сондаймыз....
Істеген ісіңнің жамандығына бола Алланың рақымынан үмітіңді үзбе. Осы рамазан айының күндерінде қаншама сен секілді жандар тозақ отынан құтылуда. (Сен де қатардан қалма). Олай болса Раббың Алла жайында ойыңды түзе! Тәубе ет! Себебі Алла үмітті пенденің ешбірін құрдымға жібермейді".
Алла Тағала сіз бен бізді рақымына бөлесін! Ұстаған оразамызды, қылған құлшылығымызды, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!