Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 42

2021-05-11 00:40:31 Оразадан кейін қандай болуымыз керек?...
Әйгілі ғұлама, табиғин Кағбул-Ахбар (Алла оған разы болсын) бұл жайында былай деген екен.
"Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң Аллаға қарсы күнә жасамаймын деп бекінсе ешқандай есеп-қисапсыз, сұраусыз жұмаққа кіреді. Ал кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң бұрынғы жасап келген күнәсін қайта істеймін деп бекінсе, оның оразасы қабыл болмайды".
Алла Тағала баршамызға рамазаншыл пенде емес, құдайшыл құл болуды нәсіп етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.1K views21:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 01:07:17 Дұға жасайық...
Мұсылман кісі Рамазан айының күндізін оразамен, түнін құлшылықпен өткізсе де көңілі толмай дұға жасап жалбарынады. Бұл біздің алдыңғы толқын алғадай мұсылмандардан риуаят етілген. Солардың бірі һәм бірегейі, әйгілі ғұлама, табиғин Мутарриф ибн Абдулла (Алла оған разы болсын):
"Уа, Аллаһым! Сен бізге разы бол! Ал бізге разы болмасаң, онда бізді ғафу ет! Себебі қожайын құлына разы болмаса да кеңшілік жасап ғафу етеді" деп дұға жасайды екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
https://t.me/bauirjanaliuli
1.0K viewsedited  22:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 01:01:02 Рамазан да аяқталып қалды..
Уа, Рамазан! Сенімен қоштасар сәт те жақындап келеді. Сен қайтып ораларсың... Ал біз сенімен қайта қауышар ме екенбіз.. Уа, Құдіреті күшті Аллаһым! Бізге талай рамазанды ұстауды нәсіп ет!
Уа, Жасаған Жаббар Ием! Бүгінгі жасаған дұға-тілектерімізді қабыл ет! Ісімізді оңда! Ағаттықтарымызды, қателіктерімізді кешіре гөр!
1.8K viewsedited  22:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 00:51:36 Қадыр түні дұғаны көбірек жасайық...
Ғұлама Ибн Ражаб (Алла оны рақымына бөлесін) Қадыр түні жайлы былай деп толғаған.

«Ғұлама Суфьян әс-Саури (Алла оны рақымына бөлесін): «Қадір түні дұға ету мен үшін намаз оқудан да сүйіктірек», – дейтін.

Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп сұрағаны баяндалады:
«Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?»
Ол: «Уа, Алла, расында, Сен –Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», – деп айт»[6], – деген.
اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ كَرِيمٌ، تُحِبُّ الْعَفْوَ، فَاعْفُ عَنيِّ

Байқап қарасаңыз Алла тек кешіріп қана қоймайды. Кешіргенді жақсы көреді. Олай болса Жаратқан Жаббар Иеміз жайлы ойымыз дұрыс болсын!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.9K viewsedited  21:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 00:25:11 Оразаны қалай тәмамдау керек?
Халифа Омар ибн Абдулазиз (Алла оны рақымына бөлесін) барша аймаққа Рамазан айын "истиғфар (әстағфирулла деп айтып жарылқау тілеуді) айту және пітір садақасымен тәмамдауды бұйырған екен.
Себебі пітір садақасы ораза тұтқан кісінің оразасын кемшілік атаулыдан тазартады, ал истиғфар ораза кезінде болған ағаттықтардың орнын толтырады.
Жұма мүбарак!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.9K viewsedited  21:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 01:02:28 Әркім өз амал дәптерін толтырады...
Сахаба Халид ибн Уәлидке (Алла оған разы болсын) біреу келіп: "Пəленше ұлы түгенше сенің сыртыңнан сөз айтып балағаттады" дейді. Халид отырған қалпын өзгертпей: "Оның (істеген ісі, сөйлеген сөзі) оған тиесілі амал дәптерге жазылады. Сондықтан амал дәптерін қалаған нәрсемен толтырсын" деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.1K viewsedited  22:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 00:49:09 Өсекші не істей алады?...
Ғұлама, табиғин Яхия ибн Әбу Кәсир (Алла оған разы болсын): "Өсекшінің бір сағатта істегенін сиқыршы бір айда істей алмайды" деп айтқан екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.2K views21:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 07:27:13 Абай мен Қиясбай
Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып отырады. Осы мәжіліс үстіне кенет Қиясбай кіріп келеді. Ешкім оны келдің-ау, кеттің-ау деп елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да:
- Уа, игі жақсы тақсырлар, - дейді дауыстап, - Абай ағамда оңаша айтарлық бір шаруам бар. Барлығың да шыға тұрыңдар!
«Мына неме не дейді?» дегендей, төрде отырғандар терісіне сыймай дүрдиісіп Абайға қарайды. Абай:
- Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса, шыға тұрыңыздар, - дейді. Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
- Немене, Қиясжан? – дейді Абай оңаша қалған соң.
- Абай аға, маған ұрыса көрме, жаңағы иттердің мені адам құрлы көрмеді. Соларға өзімнің күшімді көрсетейін деп, әдейі айтып едім, - дейді Қиясбай.
- Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой берейін, алып кете аласың ба? – дейді Абай ішегі қатқанша күліп.
- Алып кетпейтін несі бар, - дейді Қиясбай қулана жымиып, - Абай ағам өңгертеді деймісің, айдатады да жіберді.
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп Абай оған он шақты қой айдатып жіберіпті.
2.3K views04:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 00:52:36 Әйгілі ғұлама Ғұтби (Алла оны рақымына бөлесін) бір бәдәуи әйелдің баласына былай деп өсиет айтқандығын естіген екен.
"Балам! Сыр сақта! Өсектен аулақ бол! Себебі өсек кез келген нық орныққан сүйіспеншілікті талқан қылады, ынтымағы берік жамағатты бөліп жібереді, жүректің түбінде жатқан өшпенділіктің отын алаулатып жағып жібереді".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.9K views21:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 11:15:19 Пайғамбар Сүлеймен (Алланың оған сәлемі болсын) баласына: "Балам! Өсектен аулақ бол! Себебі өсек қылыштан өткір" деп өсиет айтқан екен.
2.0K views08:15
Ашу / Түсініктеме