Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 39

2021-05-30 11:42:48 Әулие, тақуа құлдардың бірі өлім төсегінде жатқанда анасы көріп қатты мұңайған екен. Анасының көңіліне қаяу түскендігін байқаған тақуа: "Уа, Анашым! Менің есеп-қисабым дәл сенің алдыңда болса, қайтер едің?" деп сұрайды. Анасы: "Міндетті түрде мейірімділік көрсетер едім" деп жауап қатады. Тақуа: "Анашым! Жаратқан Ием сенен гөрі маған мейірімдірек. Сондықтан қам жеме!" деген екен.
Алла баршамызды рақымына бөлесін!
705 views08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 11:29:26 Сахаба Әбу Дарда (Алла оған разы болсын) былай деген екен.
"Кедейлікті Жаратқан Иеме кішіпейілділік көрсетуге мүмкіндік бергендіктен жақсы көремін. Өлімді Раббымды сағынғандықтан жақсы көремін. Науқастануды күнәларыма кәффарат (өтем) болдықтан жақсы көремін".
540 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 02:22:53 Жүрек қайткенде жұмсарып, жібімек?
Әйгілі ғұлама Ахмет ибн Ханбалдан (Алла оны рақымына бөлесін) біреу келіп: "Қайткенде жүрегім жұмсармақ?" деп сауал қояды. Ғұлама іркілместен: "Қабірстанды (жиі) зиярат қыл! Жетімнің басын (дүркін дүркін) сипай жүр" деп жауап берген екен.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
797 viewsedited  23:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 01:01:04 Әйгілі ғұлама Фудайыл ибн Ияз (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен.
"Мен Раббыма қарсы күнә жасағанымды мінген көлігімнің, қызметшімнің, әйелімнің тіпті үйдегі тышқанның мінезінен байқаймын".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.1K views22:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 02:33:39 Лұқман хәкімнің баласына айтқан насихаты.
«Уа, балам! Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқы! (Адамдарды) әрдайым жақсылыққа үгітте (үнде), (оларды) жамандық атаулыдан тыюға тырыс! Басыңа не келсе де сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі»
«Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды».
«Жүргеніңде һәм әр ісіңде байсалды бол! Сөйлегенде, дауысыңды қатты көтерме! Біле білсең, ең сүйкімсіз дауыс – (өңеші жыртылғанша ақыратын) есектің дауысы» (Лұқман сүресі, 17-19 аяттар).
Жұмаңыз мүбарак болсын!
468 views23:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 00:43:56 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Мына төртеуінен абай болу керек.
1. Төрт іс дос-жарандардың арасын бұзады. Олар:
а. Дүние-мүлік
ә. Әйел
б. Көре алмаушылық
в. Өлім
2. Төрт іс адамдардың алдындағы қадіріңді түсіреді. Олар:
а. Көп сөйлеу
ә. Көп күлу
б. Өтірік
в. Өсек
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.1K views21:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 00:45:53 Парсы патшаларынан қалған мынадай сөз бар.
"Мына үш кісінің айтар ойы, қосар пікірі болмайды. Ондайлармен ақылдасып кеңеспеңдер! Олар:
1. Аяқкиімі тар болып, аяғын қысқан адаммен
2. Дәрет қысқан адаммен
3. Тілі ұзын, жаман әйелі бар адаммен".
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
604 viewsedited  21:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 05:25:08 Кеңескен істе қайыр бар...
Әйгілі ғұлама, табиғин Хасан Басри (Алла оған разы болсын): "Қандай-да бір қауым қиындыққа тап болған шағында бір жерге жиылып кеңес құрса Алла Тағала оларды міндетті түрде ең дұрыс шешімге бастайды" деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
265 viewsedited  02:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 10:08:39 "Сүйген жандар соңында қосылмайды. Сүйгендер әуел бастан бір-бірінің жүрегінің төрінен орын алған". Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
562 viewsedited  07:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 04:03:33 Әйгілі ғұлама, табиғин Хасан Басри (Алла оған разы болсын) бір сөзінде былай деген екен.
"Кісінің үш түрі болады. Олар:
1.Толық кісі
2. Жарты кісі
3. Құнсыз кісі.
Толық кісі - өмірлік тәжірибесі бар, һәм маңызды істе өзгемен кеңесетін кісі.
Жарты кісі - өз ойы жоқ алайда өзгемен кеңеспей ешбір іске қадам баспайтын кісі.
Құнсыз кісі - өз ойы жоқ, һәм өзгемен кеңеспейтін кісі".
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.2K views01:03
Ашу / Түсініктеме