Get Mystery Box with random crypto!

Иса пайғамбарда не жұмысың бар? Қожанасыр бір ауылға оразада т | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Иса пайғамбарда не жұмысың бар?
Қожанасыр бір ауылға оразада тарауих намазын өткізетін имам болып барады. Бір ай бойы ауылдағыларға Құран үйретеді, оларға имамдық қылады. Ауылдағыларға әртүрлі діни қызмет көрсетіп, уағыз жүргізеді. Ал имамның сәресі мен ауызашарын ауыл тұрғындары кезектесіп беретін. Алайда Қожанасыр өзінің ойлағанындай күтім көрмейді. Қайда болса да жейтіні құр нан. Бір күні Қожекең екінті намазынан кейін мешіт мінбесінде уағыз айтады. Иса пайғамбардың жеті қат көктің төртінші қабатында жүргенін әңгімелейді. Уағыздан соң, бір әйел Қожанасырға жақындап келіп, қоятын сұрағының бар екендігін жеткізеді. Қожекең:
– «Сұрай беріңіз?»
– «Қадірлі имам мырза! Расымен-ақ Иса пайғамбарымыз көктің төртінші қабатында не жеп, не ішеді екен?»
– Әй, қатын! Сен ауылыңдағы имамның бір айда не ішіп, не жегенін білмейсің?! Иса пайғамбардың не жеп, не ішкенінде не жұмысың бар? – деп ренішін білдіріпті.