Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 37

2021-06-17 05:52:08 Қатыгездігімен, жауыздығымен танылған Ирак әміршісі Хажжаж ибн Юсуфтың құзырына олжадан түскен парсылардың аузы құлыптаулы бір сандығы келеді. Парсылардың әр түрлі мінезі мен іс-әрекеттерін жақсы білетін Хажжаж сандықты аштырмай: "Кім мына сандықты сатып алады?" деп жар салдырады. Әлгі сандықтың бәсі көтеріліп, талас басталады. Сонымен не керек біреу барын салып жүріп сандықты сатып алады. Ішінде үлкен қазына бар деген дәмемен сатып алған кісі жанталасып сандықты ашады. Сандықтың ішінен бір тілім қағаздан басқа еш нәрсе шықпайды. Қағазда: "Кімде-кім сақалым ұзарып өссін десе, сақалын астынан тарасын" деп жазылған екен.
Қысқасы, жабық нәрсенің барлығы бағалы бола бермейді)).
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
810 viewsedited  02:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 02:35:56 Әйгілі саясаткер Халид ибн Бармак (705-782, Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен.
Кімде-кім мына төртеуін бойынан аулақ ұстауға шамасы жетсе, ешбір машақатқа тап болмауға әбден лайықты. Олар:
1. Асығыстық
2. Өшпенділік
3. Өзімшілдік
4. Кешеуілдету
Себебі:
Асығыстықтың жемісі "өкініш".
Өшпенділіктің жемісі "абыржу".
Өзімшілдіктің жемісі "жек көрушілік".
Кешеуілдетудің жемісі "қорлық".

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
159 views23:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 08:33:29 Хәкімдердер: "Асығыстық - күллі өкініштің анасы" деген екен.
696 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 08:16:50 Сахаба Әбу Дарда (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқандығын жеткізген.
"Кімде-кімге жұмсақтықтан үлесі берілсе, игіліктен толық үлесі берілгені. Ал кімде-кімге жұмсақтықтан үлесі берілмесе, игіліктен үлесінің берілмегені".
759 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 05:32:20 Шүкір қандай болмақ?...
Ғұламалардың бірі былай деген екен.
"Пенденің нығметке "шүкірі" тек мына үшеуіне негізделгенде ғана "шүкір" болып саналады. Олар:
1. Нығметті Алланың нәсіп еткенін мойындау.
2. Нығметті нәсіп еткендігіне Аллаға мадақ айту.
3. Нығметті тек Алланың разылығына қол жеткізу үшін қолдану".
Қайырлы күн! Алла Тағала сіз бен бізге берген нығметін тек разылығы үшін қолдануды нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
51 views02:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 00:34:30 Әйгілі ғұлама Юсуф ибн Абдулбарр әл-Мәлики (Алла оны рақымына бөлесін):
"Мына үшеуі кісінің ақылы мен кеңпейілділігін көрсетеді. Олар:
1. Көршісі мақтаса
2. Туыстары мақтаса
3. Жанындағы жолдасы мақтаса" деген екен.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
894 views21:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 05:18:42 Сахабадан насихат...
Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) баласына:"Үйің кең болсын, тіліңе ие бол, жасаған күнәларыңды еске алып жыла" деп насихат айтқан екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1.2K views02:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 00:45:01 Ырыздықтың түрлері...
"Ырыздық әр түрлі болады. Олар:
1. Дүние-мүліктің, дәулеттің молдығы. Бұл ырыздықтың ең төменгі түрі.
2. Есендік. Бұл ырыздықтың ең ұлысы, ең қымбаты.
3. Баланың жақсы болуы. Бұл ырыздықтың ең абзалы.
4. Жаратқан Жаббар Иеміздің разылығы. Бұл өзге ырыздықтарды толықтырып тәмамдаушы ырыздық. Ырыздықтың төресі".
Ғұлама, шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).
458 views21:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 06:33:38 Кімнің сөзін бөлуге болмайды?..
Ғұлама Жахиз (Алла оны рақымына бөлесін): "Мына үшеуі сөз сөйлегенде ешқашан сөзін бөлме! Айтқан сөзін жамандыққа балама! Олар:
1. Ата-ана
2. Бала
3. Құсалы кісі.
Себебі олар жүректің тереңінен сөйлейді" деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
407 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 01:38:12 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
Мына үшеуінен міндетті түрде осы үшеуі туады.
1. Еті тіріліктен бақ-дәулет туады.
2. Жалқаулықтан кедейлік туады
3. Ашкөздіктен қанағатсыздық туады".
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
827 views22:38
Ашу / Түсініктеме