Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 35

2021-07-10 06:41:06 АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Таланттар – раушан гүлі сияқты: жан-жағына жұпар шашады, көңіл ашады. Тікені – азабы, өзіне.

Талантсыздар – шошқа тікен сияқты. Гүлдемейді. Азабы – өзгеге. Жамандық солардан.

Марқұм Шерхан Мұртаза.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
816 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 12:57:00 Ойлаймын да ...
Сені Жаратқан Жаббар Иеңе сәжде жасауға жетектемеген "иманың", сені жұмаққа жетектей ме? Сені арамнан тыймаған "иманың" тозаққа қалқан болар ма? Ойлан шырақ!...
686 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 03:05:40 Мұсылмандар тарихында ерекше жеңістері мен қаһармандығы алтын әріппен жазылған қолбасшылардың бірі Мәслама ибн Абдулмәлік (63-121/682-739, Алла оны рақымына бөлесін) еді. Бір күні Мәслама әйгілі ғұлама, табиғин Хасан Басриге (Алла оған разы болсын) келіп: "Маған насихат айтшы" деп өтінген екен. Хасан Басри: "Мінберден түскеннен соң, мінберде айтқаныңа сай әрекет ет" деп насихат айтқан екен.
Жұмаңыз мүбарак болсын!
Алла Тағала жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
949 views00:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 05:16:31 Жұмақ...
Мыналар тек жұмақта ғана болады. Олар:
1. Мұңсыз көз.
2. Ауырмас жүрек.
3. Бүлініп, шірімес дене.
4. Бітпес қуаныш.
Сонымен қатар тек пейіште ғана мыналар болады. Олар:
1. Өңімізде ойлап, түсімізде көріп жүрген жолда қалып, одан зоры нәсіп болады.
2. Үміт еткенімізден зоры бұйырады.
3. Қиялымызға сыймайтындарға қол жеткіземіз.
Уа, Жасаған Жаббар Ием Сенен ризалығыңды, жұмағыңды сұраймыз. Тозағың мен қаһарыңнан Саған сыйынамыз.
1.3K views02:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 04:55:23 Құдайдың сүйген құлы қандай?..
Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) былай деген екен.
"Кімде-кімнің бойында мына төртеуі болса, Алланың ең таңдаулы құлдарының бірі болады.
1. Тәубе еткен кісіге қуана білу.
2. Күнәһар пендеге Құдайдан жарылқау (истиғфар) тілеу.
3. Қарызға батқан бейбаққа дұға жасау.
4. Сауапты іс жасап жүргенге жәрдем беру".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
819 viewsedited  01:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 06:03:47 Ара мен шыбын...
Бір ғұламадан біреу:

– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп сұрапты.

– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы: мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап беріпті ғұлама...
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
98 views03:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 02:51:43 Қасқыр мен есек (мысал)
Бір күні жайылып жүрген есекті көріп қасқыр тұсына келеді. Есек те оны байқап қасқырға жақындайды. Екеуі əңгімеге кіріседі. Сөзден сөз шығып екеуі шөптің түсінде дауласып қалады. Қасқыр сөз алып: - "Шөптің түсі жасыл" дейді.
Есек те қалмай: "Жоқ. Қателесіп тұрсың. Шөптің түсі сары" дейді. Екеуінің тартысы сол жерде шешілмей дауласып аң патшасы арыстанның алдына келеді. Екі тарапты да мүқият тыңдап шыққан арыстан қасқырды бір айға қамауға пəрмен шығарады. Ал есекті босатып жіберуді бұйырады. Қасқыр бір айлық қамаудан шыққаннан кейін арыстанға жолығады. Арыстанға қарап: Бір ғана сауалым бар. Соны сұрайын деп едім. Сіз шынымен-ақ шөптің түсін сары деп көресіз бе?" дейді. Арыстан: "Жоқ. Шөптің түсі жасыл" дейді. Қасқыр аң-таң болып:
-"Онда мені неге бір айға қаматтыңыз?!" дейді. Арыстан: "Есекпен дауласып, тартысқандығың үшін қаматтым" деген екен.
Жұма мүбарак!
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
941 views23:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 05:26:11 Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) өзіне қатысты мақтау, мадақ естігенде:
"Уа, Аллаһым! Менің қандай екенімді, Сен менен артық білесің. Ал мен "кім екенімді" мыналардан артық білемін.
Уа, Аллаһым! Мені мыналардың ойлағанынан артық ет! Бұлардың мен жайында білмейтін тұстар бар. Сен соларды кешіре гөр! Мыналардың сөзіне бола, мені есепке тартпа!" деп дұға қылады екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
547 views02:26
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 04:47:11 Күнді күліп бастайық...
Ақын, саясаткер Яхия Камал (1884-1958) достарының біріне: «Менімен бірге кешке тамақтануға қалай қарайсың?»,- депті.
Досы қуанып кетіп: «Әрине! Қуана-қуана келісемін. Ешбір сылтауым жоқ»,-депті
Яхия Камал: «Бұл дұрыс болды. Кешке сіздің үйге барамын»,-деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
908 views01:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 02:25:05 Насихат...
Хәкімдердің бірі баласына былай деп насихат айтқан екен.
"Уа, балам! Шамасы жетпейтін іске кіріскен адам күлкі болады. Өзінен басқа ешбір жанды менсінбеген құрдымға кетеді. Кімде-кім адамдарға тәкаппарлық танытса түбінде қор болады. Кеңеспеген кісі өкінеді. Ғалымдармен мәжілістес болған кісі білгір болады. Сөзі азайған кісінің есендігі арта түседі".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
437 views23:25
Ашу / Түсініктеме