Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 36

2021-06-28 07:29:48 Көпті көрген хәкімдердің біріне мынадай сауалдар сұраған екен.
- "Уа, білгірім! Күнделікті қанша тамақ жеу керек?"
- "Аштан өлмейтіндей, һәм тойып жемейтіндей тамақтану керек".
- "Дұрыс екен. Қаншалықты күлуім керек?".
- "Жүзің күлімдеп, даусың көтерілмейтіндей күлу керек".
- "Қаншалықты жылауым керек?".
- "Алланың қаһарынан қорқып жылайтын болсаң, жылаудан жалықпа! Себебі көз жыласа кісінің сырын ашады. Жүрек жыласа ар азабын шектіреді. Ал Алладан қорқып аққан жас тек кісіге пайда әкеледі (яғни жұмақтық жан етеді)".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
648 viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 05:40:44 Ұстамдылығымен танылған табиғин Ахнаф ибн Қайыс (Алла оған разы болсын) бір сөзінде былай дейді.
"Бір күні ішім қатты ауырды. Сол ауырымды көкеме (әкесінің бауыры) айтып мұңымды шақтым. Ол маған қарап қарап: "Бауырым! Басыңа қандай да бір қиындық келсе оны ешкімге тіс жарып айтпа! Себебі адамдардың тек екі түрі болады. Әуелгісі досың. Екіншісі дұшпаның. Досыңа айтсаң, досыңды күйіндіресің. Дұшпаныңа айтсаң сүйіндіресің. Одан кейін дәл өзіңдей дәрменсіз біреуге басыңа түскен қиындықты айтудың қандай қажеттілігі бар?! Басыңа түскен қиындықты жіберген Аллаға айт мұңыңды. Себебі тек соның құдіреті ғана қиындықты түп-тамырымен жоюға жетеді.
Бауырым! Менің қырық жылдан көзім дұрыс көрмейді. Тауды да сайды да көзім дұрыс көрмейді. Бірақ бұл жайында әйеліме де жақыныма да айтқан емеспін. Ешбір жандыға айтқан емеспін".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.4K viewsedited  02:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 07:18:22 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Осы бесеуі мына бесеуді өшіреді.
1. Жалған ақиқатты өшіреді.
2. Дүние-мүлік кемшілікті өшіреді.
3. Тақуалық нәпсінің жалынын өшіреді.
4. Міндетсіну садақаның сауабын өшіреді.
5. Мұқтаждық ұстанымды өшіреді".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
797 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 02:45:42 Кімді қалай тануға болады?
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Адамдарды қалай тануға болады?
1. Күйеуі кедей болып қалған шақта әйелдің қандай екені білінеді.
2. Әйел ауырғанда күйеуінің қандай екені білінеді.
3. Бауырмалдық дүниені бөліскенде білінеді.
4. Дос қиындыққа душар болғанда білінеді.
5. Мұсылманның қандай екені басына түскен сынақта білінеді".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.1K views23:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 04:44:55 Күнді күліп бастайық)))
Халифа Мәһдидің тұсында бір кісі "пайғамбар" болдым деп жар салыпты. Мұны естіген халифа әлгі кісіні дереу құзырына алдырып:
- Сен бе пайғамбар?
- Иә. Мен.
- Пайғамбар болып кімге жіберілдің?
- Оған ерік бермедіңдер ғой. Кімге барайын? Таңертең пайғамбар болғаным сол еді. Кешке сенің жендеттерің ұстап әкетті. Ешкімге еш нәрсе айтып үлгермедім" деген екен.
Халифа күліп жіберіп, әлгі кісіні босатып жіберген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.1K viewsedited  01:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 06:39:03 Өзгелердің артықшылығын мойындау..
Құранда Мұса пайғамбар: "(Уа, Аллаһым!) Бауырым Һарун маған қарағанда сөзге жүйрік" деген (Қасас сүресі, 34 аят). Мән беріп қарасаңыз Мұса пайғамбар бауыры һарунның артықшылығын айтқан. Демек өзгелердің артықшылығын мойындау пайғамбарлардың сипаты. Ал өзгелердің артықшылығын мойындамау малғұн шайтанның сипаты. Құранда: "(Шайтан) Мен одан (Адамнан) әлдеқайда артықпын" деген‏ (Ағраф сүресі, 12 аят).

Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.8K views03:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 06:38:55 "Іштарға (жаза ретінде) сен сүйінгенде күйініп жүргендігі жеткілікті".
Сахаба Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын)
1.3K views03:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 06:11:48 Хәкімдердің бірі баласына былай: "Балам! Егістікке көз салып байқасаң дәні жоқ бидай ғана басын көтеріп тұрады. Ал дәнге толы бидай басын төмен салып тұрады. Сондықтан тек толысқан мықты жандар ғана кішіпейіл болады. Толыспаған нашар жандар басын көтеріп тәкаппарлық көрсетеді" деп насихат айтқан екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.9K viewsedited  03:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 05:37:28 Хәкімдердің бірі баласына былай деп насихат айтқан екен.
"Уа, балам! Жақсыларға жақын бол! Жақсыларға серік бол! Себебі олар:
1. Хабарсыз кетсең артыңнан іздейді.
2. Жаңылып кетсең түзейді.
3. Дұға жасағанда сені де дұғасына қосады. Сені ұмытпайды.
Олар көктегі жұлдыздар секілді. Өмір атты теңізде кемең бағытынан ауып кетсе де саған жол көрсетеді.
Бұл айтылғаннның бәрі бір төбе, олардың сені тек бір Алланың разылығы үшін жақсы көргені жеке өз алдына бір төбе емес пе? Осының өзі ұққан жанға үлкен бақыт емес пе?".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
814 views02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 02:53:55 Ең жағымсызы не өзі?..
Әйгілі ғұлама, имам Шафиғидан (Алла оны рақымына бөлесін): Кісінің бойындағы ең жағымсызы не өзі?" деп сұралған екен.
Ғұлама: "Олар:
1. Көп сөйлеу
2. Құпия сырды айтып қою
3. Кез келген жанға сену" деп жауап қайырған екен.
Жұма мүбарак!
Алла Тағала жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1.2K views23:53
Ашу / Түсініктеме