Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 40

2021-05-24 03:52:12 Ақиқатпен алысқанның аяғы аспаннан келеді... Абай Қалшабек.
847 views00:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 02:14:51 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
1. Мына төрт жанға жәбір-жапа қылма! Олар: Әкеңе, анаңа, әкпеңе және ағаңа.
2. Мына төрт жанға зорлық қылма! Олар: Жетім, міскін, пақыр және сырқат.
3. Мына төрт істі ешқашан жасаушы болма! Олар: Тәкаппарлық, дандайсу, көре алмаушылық және өшпенділік.
4. Мына төрт қасиет бойыңнан табылсын! Олар: Сабыр, ұстамдылық, ғылым және жомарттық.
5. Мына төртеуінен Аллаға сыйын! Олар: Қайғы, қасірет, шарасыздық және сараңдық.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
112 views23:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 02:19:48 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
1. Залым патша алаулап жанған оттың ортасына тастап Ибраһим пайғамбарды (Алланың оған сәлемі болсын) жазаламақ болды. Алайда оттың оған зияны тимеді.
2. Мұса пайғамбар қауымымен бірге (Алланың оған сәлемі болсын) теңізге батпады. Ал перғауын батты.
3. Жүсіп пайғамбарды (Алланың оған сәлемі болсын) бауырлары құдыққа лақтырып құрдымға жібермек болды. Кейін құдықтың құрдымынан құтылғанмен жала жабылып абақтыға да жабылды. Бірақ сол Жүсіп пайғамбар кейін Мысырдың уәзірі болды.
Бұл пайғамбарлардың басына келген қиындықтардан мынадай ғибрат, сабақ алуға болады.
Бүкіл ғалам саған зарар тигізбек болып бекініп, қолдан келер жамандықтың, айланың алуан түрлісін іске асырса да тек Алланың маңдайына жазғаны ғана болады. Сондықтан қорықпа! Уайымдама!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
950 views23:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 04:28:09 Ақылды адам мұсылман бауыры жасаған ағаттығын, жіберген қателігін мойындап кешірім сұрап алдына келсе кешіре білуі керек. Ертеректе халифа Сүлеймен ибн Абдулмәлік (Алла оны рақымына бөлесін) қызметкері Халид ибн Абдуллаға (Алла оны рақымына бөлесін) жасаған ағаттығы үшін қатты ашуланған екен. Халифа Халидке тиісті жазасын бермек болып оқталады. Сонда Халид: "Уа, момындардың әміршісі! Күш-қуат, құдіреттілік ашуды келтіреді. Һәм сен жаза беруден ұлықсың, жоғарысың. Егер ағаттығымды ғафу етсең, Сен оған әбден лайықтысың. Ал егер жаза берсең, мен сол жазаға әбден лайықты жанмын" деген екен. Мұны естіген халифа жаза беруден бас тартып, ғафу еткен деседі.
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңізді Алла Тағала қабыл етсін!
227 viewsedited  01:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 02:29:07 Пайғамбарлардың жан тыныштығына, байыптылыққа шақыруы.
1. Юсуф пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын ) бауыры (Бунияминге) "Олардың осыған дейін істеген істеріне налыма" деген.
2. Шұғайып пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) Мұсаға: "Қорықпа" деп насихат айтқан.
3. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Әбу Бәкірге (Алла оған разы болсын): "Уайымдама! Шүбәсіз Алла бізбен бірге" деген еді.
Сондықтан:
Налымаңыз! Қорықпаңыз! Уайымдамаңыз!
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
358 views23:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 02:27:01 Адам баласының ең қадірлісі кім?
Иса пайғамбардан (Алланың оған сәлемі болсын): "Адамдардың ең қадірлісі кім" деген сауал сұралған екен.
Пайғамбар жерден екі уыс топырақ алып, сауал қойған жанға: "Мына екі уыс топырақтың қайсысы қадірлі?" деп сұрайды. Кейін екі уыс топырақты бір қолына жинап, жерге шашып жібереді. Артынша: "Адамдардың барлығы осы топырақтан (жаралған). Ал Алланың құзырындағы ең қадірлі кісі - тақуа кісі" деген екен.
Ешкімнің ешкімнен еш қандай артықшылығы жоқ. Тек тақуалықпен озуға болады. Тақуалықтан басқамен оздым деу бос әңгіме.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.4K viewsedited  23:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 02:17:22 "Шыншылдықтың өзіне тән иісі бар. Ол мұрынмен емес, жүрекпен сезіледі".
Ғұлама, шейх Әли Тантауи (Алла оны рақымына бөлесін).
646 views23:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 01:42:04 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Адамдардың сөзіңе, ісіңе таңданыс білдіріп, қайран қалғандығын байқасаң, Алланың оларға тек жақсы тұсыңды көрсеткендігін ұмытпа! Сондай-ақ ішіңдегі жаман тұсыңды Оның жұртқа көрсетпей жасырғанындығын ұмытпа!".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
669 viewsedited  22:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 17:02:31 Досай бидің жас кезі екен. Әкесі оны сынамақ болып:
- Балам, патша үлкен бе, дихан үлкен бе? - депті.
Бала кідірместен:
- Әрине, дихан үлкен.
- Қалайша?
Сонда Досай бала:
- Дихан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? - деген екен.

Қайырбек Отызбаевтың парақшасынан алынды.
1.0K views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 01:04:17 Үшеу...
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.
"Мына үшеуінен құтылмайынша жаның жай таппайды.
Олар: Уәсуаса (азғыру), қарыз және жаман жолдас.
Мына үшеуінің уақыты кешіксе мәні кетіп қалады.
Олар: Той, қазаға көңіл айту және ақшам намазы.
Мына үшеуден аулақ бол!
Олар: "Ақымақ, жалқау және адамгершілігі аздау жан.
Мына үшеумен жолдас болма!
Олар: Күншіл, қарағанына көзі тиетін және ата-анасының тілін алмаған жан".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.3K views22:04
Ашу / Түсініктеме