Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 41

2021-05-17 02:39:43 Мұса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) емшектегі ең әлсіз шағында суға батпады. Ал дәурені жүріп, шалқып тұрған шағында перғауын суға кетті. Алла ұлық қой. Ұмытпайық...
1.4K views23:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 00:42:36 Адамдардың тек екі түрі болады...
Иса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) бір күні соңынан ерген хауарилерге (серіктестеріне) былай деп насихат айтқан екен.
"Адамдардың істеген істеріне (амалдарына), оларды Жаратқан иелері секілді қарап баға бермеңдер! Ал өздерің істеген істерге (амалдарға), пендешілік тұрғыдан құл ретінде қараңдар. Себебі адамдардың тек екі түрі болады. Әуелгісі сынаққа тап болғандар. Ал екіншісі сынақтан аман қалғандар. Сондықтан сынаққа тап болғандарға мейірімділік көрсетіңдер. Сынаққа ілінбей аман қалғандарың үшін Аллаға шүкір етіңдер".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.4K viewsedited  21:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 02:31:12 Бірде Лұқман хәкім баласына былай насихат айтқан екен.
"Балам! Дүние - ұшы-қиырсыз теңіз. Бұрынғы өткендер де кейінгі келгендер де сол теңізде құрдымға кетеді. Шамаң жетсе бұл теңізден өтер кемең "тақуалық" болсын. Қаруың бір Аллаға "тәуекел" болсын. Жаныңдағы азығың "сауапты іс" болсын".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.6K views23:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 12:35:36 Күн тұтылса намаз оқимыз,
Ай тұтылса да намаз оқимыз,
Көктен тамшы таңбай жер қуарса намаз оқимыз.
Демек, намаз дүниелік, қоғамдық мәселелерді шешеді екен. Олай болса сенің жеке басыңа қатысты мәселеңді де шешеді.
Намаз оқы Бауырым!
1.8K views09:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 05:57:13 Рамазан аяқталды. Айт күндері де бітті. Бірақ...
Иә, бес парыздың бірі Рамазан айының оразасы тәмамдалды. Алайда Алланың парыз еткені, тыйым салғаны, қолдан келер сауапты істер, нәпіл құлшылықтарды жасау тоқтаған жоқ.
Себебі, Алла Тағала ең сүйікті құлы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
"(Уа, Мұхаммед!) Дәм-тұзың таусылып ажалың жеткенше құлшылық ет" деп бұйырған (Хижр сүресі, 99 аят).
Олай болса:
Шәууал айының алты күндік оразасын;
Дүйсенбі және бейсенбі күнгі сүннет оразаны;
Нәпіл намаздарды;
Құран оқуды т.б нәпіл құлшылықтарды үзбей жасауымыз қажет..
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
1.9K views02:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 15:27:26 "Жүректің есігі ашылсын десең жылы сөйле".
Мəулана Жəлəлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
1.8K views12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 02:39:53 Әйгілі ғұлама Ибн Хажар әл-Асқалалани (Алла оны рақымына бөлесін): "Айт күндері қуаныштың, мейрамның күні екендігін көрсету діннің негізгі белгісі" деп айтқан екен.
Сахабалар (Алла оларға разы болсын): "Айт күндері бір-бірімен жолыққанда "Алла бізден һәм сендерден қабыл етсін" деп бір-біріне дұға жасайды екен.
37 views23:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 19:34:36 Шариғат кітаптарында ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап, делінген (Фатху бабил-ғиная, 1/573).

Хадистерде: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт күні тамақ ішпей мешітке шықпайтын еді», – деп айтылған (Тирмизи, Ибн Мажә).

Егер айт намазы күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқылатынын ескерсек, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айт мерекесі күні күн шыққаннан соң тамақтанғанын түсінеміз. Демек, оның ішкені сәресі емес болып шығады.

Сонымен қатар, ораза ұстаған адам сәресін таң атқанға дейін ішу керек.

Ал, шариғат бойынша айт күні ораза ұстауға рұқсат етілмейді. Өйткені, хадистерде «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» деп айтылған (Бұхари).

Сондықтан, ораза айт күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауызы ашық болады.
www.muftyat.kz
1.1K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 19:20:02 Рамазан бітті. Дегенмен...
Әйгілі ғұлама Абдулазиз ибн Әбу Рууад (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді.
'Мен олардың (табиғиндердің) сауапты істерді ерекше ықыласпен орындайтындығын көзім көрді. Құлшылықты атқарған соң оларды "бізден қабыл болды ма әлде қабыл болмады ма" деген мұң басатын".
Себебі бұрынғы өткен алғадай тақуа құлдар алты ай "Жаратқан Жаббар Ием! Бізді Рамазанға жеткізе гөр" деп дұға қылатын. Рамазанға жеткен соң ораза ұстаған. Ораза біткен соң алты ай бойы "Уа, құдіреті күшті Жасаған! Ұстаған оразамызды қабыл ете гөр" деп жалбарына дұға жасайтын.
1.2K viewsedited  16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 00:49:59 Бұрынғы өткен ғұламалардан қалған мынадай сөз бар.

"Ораза ұстаған кісінің берген пітір садақасы, намазда жасалған ағаттықтың орнын толықтыру үшін жасаған сәһу сәждесі секілді".
Сондықтан "пітір" садақасын беруді ұмытпаңыз!

Сондай-ақ сахаба Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): "Ғайбат оразаны жыртады. Ал истиғфар (әстағфирулла деп жарылқау тілеу) айту сол жыртылған жерді жамайды. Кімде-кім жыртылған (оразадан) гөрі жамалған оразамен келгісі келсе, онда "истиғфар айтудан тайынбасын" деген екен.

Уа, Аллаһым! Сен Кешірімдісің, һәм кешіруді жақсы көресің. Олай болса бізді кешіре гөр!
2.5K views21:49
Ашу / Түсініктеме