Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы айналым... 'Уа, Алланың құлдары! Рамазан айы аяқталуға ж | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Соңғы айналым...
"Уа, Алланың құлдары! Рамазан айы аяқталуға жақын. Көбі кетіп азы қалды. Араларыңда кімде-кім осы айда тек сауапты іс істеп жүрсе, сонысын солай жалғастырсын. Ал кімде-кім осыған дейін салғырттық жасап келген болса, айдың соңын сауапты істермен тәмамдасын. Себебі сауапты істер соңына қарай бағаланады.
Уа, Алланың құлдары! Осы айдың қалған күндері мен түндерінен барынша олжалы болуға күш салыңдар! Жасаған Жаббар Иеміздің құзырында куә болу үшін айдың соңғы бөлігін сауапты істермен өткізіңдер".
Әйгілі ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін).
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!