Get Mystery Box with random crypto!

'Аралас тіл' — қостілділік кең тараған жерде пайда болатын орт | Жергілікті аудармерия

"Аралас тіл" — қостілділік кең тараған жерде пайда болатын ортақ тілді білдіретін термин. Аралас тілде әдетте бір тілдің сөздік қоры екінші тілдің сөйлем құрау заңдарына бағынады.
Мысалы' мына сөйлемдегі 65 пайыз сөз орысша, бірақ құрылысы мен кей сөздері қазақша:
"Да и вообще, любой языктың основной стержені ритм ғой. Ал қағаздан охқанда ритм жоқ, интонация жоқ, монотонно зудыратад".
Дей тұрғанмен, бұл жаман құбылыс емес, бір біріне туыс емес тілдердің араласуы тарихи, саяси өзгерістердің салдары ретінде дүние жүзінде ежелден бар, бірақ соңғы бірер ғасырда адамдар арасында мәдени қарым-қатынастар жиілеп кеткендіктен, аралас тілдер көбейген.
Лингвистер аралас тілдерді мәдениеттер түйіскен жерге тән қалыпты табиғи құбылыс деп біледі. Соның бірі "медиа ленгуа" Перу елінде пайда болған Кечуа тілінің бір түрі. Грамматикасы Кечуа (ежелгі инка өркениетінің тікелей мұрагері) халқыныкі, ал лекскикасы Испан халқыныкі.

Бұл жасанды емес, табиғи қалыптасқан тіл.