Get Mystery Box with random crypto!

Аралас тілдің екінші бір түрі, керісінше қазақ сөздерін орысша | Жергілікті аудармерия

Аралас тілдің екінші бір түрі, керісінше қазақ сөздерін орысша морфологияға, грамматикаға салып айту.
Бұл тіл негізінен тілі орысша шыққан, бірақ қазақша сөйлеуге кейін мәжбүрленген ортада пайда болады.
Екеуі де бар Қазақстанда. Бұл процесс ғасырлап, әрі ешкімнің жүйкесіне тимей, білінбей жүзеге асады.
Алайда, тілге саясат әсер етсе, жасанды ықпал жасаса, реттеуге, кей процестерді қоздыруға, қыздыруға, алалап, таңдап қаржыландыруға тырысса, бұл процесс тым жылдам әрі ұсқынсыз жүреді. Иә, филологтардың қайғысына орай, бұл ұсқынсыздық — кешегі шақта орыс тілінің, бүгінгі шақта қазақтың тіл саясаты мен науқаншылығының салдары болды.