Get Mystery Box with random crypto!

Калькада да калька бар, нақыштысы бір бөлек. Кальканы қанша ж | Жергілікті аудармерия

Калькада да калька бар, нақыштысы бір бөлек.
Кальканы қанша жек көрсек те, оның төркінінде өрісі тар тілді өрісі кеңдеу тілдің екпінінен, кірме сөздер толқынынан аз да болсын аман сақтап қалу (ал оған төтеп бере алмаса, онысын жасыруға тырысу) ниетінен туған шартты рефлекс жатқанын ұққан жөн.
Шетелше біткен ойың мен сауатыңды қазақтарға төте жеткіз деген жаппай талаптан туған тірлік.
Тірлік, ниет, талап талантқа сай келе бермейтіні бәріне мәлім, бірақ науқаншылықта әсіресе қатты білінеді.
Кемшілігіңді мойындай білу — есею белгісі. Оныңа күрсіне таусылып, қара аспанды төндірмеу де сондай даналық.
Бірақ біз қазір ұлт ретінде кемшілік мойындай білмейміз. Қор еместі қор көреміз. Ұят нәрсені мақтан етеміз. Көзілдірік тағуға намыстанып, сүрініп, қабынып, шалшық кешіп, маңдайын әр ағашқа бір соғып жүрген ақкөңіл жандармыз.
"Кірме сөз", қараңдаршы қазақша терминнің өзі бөтен сөзді жатырқауға шақырып тұрғандай. Ал ағылшын, орыс, түрік халықтары бұларды "алынған" сөздер деп, өз тілінің тағдыры тек өз қолында екенін білдіреді. Яғни, "алдық" деп тұр.
Ал қазақшаға сенсек, бұл сөздер еркімізден тыс, өздеріне жан бітіп, бас жіпсіз аузымызға кіріп кеткендей. Күштеп енгізілгендей. Бәлкім солай болған да шығар. Апат екпіні бір бұқтырса, үркіншілік мың бұқтырар.

Тілдегі жалпы үдерісті анықтап, оны басқа арнаға бұрудың дәл сондай жолын көлденең тарта алмасаң калька, кірме сөз дегендердің жеке мысалдарына таусыла бермеген дұрыс-ау деп түйдім. Себебі, көптің тілі су сияқты кедергісі аз арнамен тезірек ағады.

Орыстың көне қазитінен алынған мына бір үзіндімен осы әңгімем тәмам болсын:
„По дороге движется, возбуждая общее внимание, громад­ный мотор-дилижанс, который уже успели окрестить безвкус­ные писаки уличных газет диким словом „автобус».Бездарное время родит бездарные новые слова. Глупое слово „автобус» совершенно не подходит к этому блестящему, элегантному сооружению» („Голос Москвы» 1907 г., № 142, 2)
#калька #шишков #карамзин #перевод #трехъязычный #заимствования #loanwords #кірмесөз