Get Mystery Box with random crypto!

Басқыншылыққа қарсы санкциялар салдарынан Lipton ішіп, Doritos | Жергілікті аудармерия

Басқыншылыққа қарсы санкциялар салдарынан Lipton ішіп, Doritos пен McDonalds жеуден
“аузы қағылған” Ресейлік бір бойжеткен “Енді не жеймін, туған күніме не сыйлық алам енді?” деп ебіл-дебіл жылап түсірген видеосы Reddit порталында түседі.
Сонда біреудің: “Crimea river” деген пікірі лайктың астында қалыпты. Кей біреулер бұл пікір авторына: “мықты!”, “Интернет сіздікі”, деп мадақ айтып жатыр.
Неге деп ойлайсыз?
Бірнеше себебі бар.

Crimea river - сөзі бір тұстан “Қырым өзені” дегенді білдірсе, екінші тұстан
“көзің ақсын!”, “осы сен мүләйімсімеш” дегенді білдіретін “cry me a river (сөзбе сөз «өзен жылап бер маған») - деген тіркеспен үндесіп тұр.
Яғни, пікір бірнеше деңгейде видео авторын тұқыртып тұр.
Аңғолдар мен әміркендер қызыққа сөз ойнатқанды жақсы көреді. Мен де.
#wordplay #pun #каламбур #ukraine #stop_war