Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-22 16:33:48 Тура жолдағы мұсылман:

Сопының көзімен - әруаққа сыйынуы керек
Таблиғ көзімен - қырық күндікке шығу керек
Сәләфи көзімен - усул-сәләсә оқу керек
Сүлейменші көзімен - рабыта жасау керек
Нұршылар көзімен - Нұрси кітабын оқу керек

Қарапайым, ешбір ағымға, ұйымға кірмей мұсылмандыққа жету жолы бар ма өзі?
2.6K views13:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 09:15:02
Кеше жиенім үйленіп, кіші құда болып бардым. Той соңында тойшы қауымға авторский батамды беріп, шапан киген сәтім)
2.8K views06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 01:35:10
Жұма мүбәрак!
3.0K views22:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 11:13:19 Тиктоктың фиқһын жақсы білетіндер немесе курс сілтемесі болса @Apendibot жібересіздер ме?
3.1K views08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 16:50:02 Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты:

1. Жесең ең дәмді тағамдарды же;
2. Ұйықтағанда ең рахат төсекте ұйықта;
3. Өмір сүрсең ең бай болып өмір сүр- депті.


Ұлы әкесінен: -Әкетайым, ең дәмді тағамды қайдан табамын?

- Адал жолмен тап. Қарның ашпастан тамақ жеме. Қарның қатты ашса, қалаған тамақ дәмді болады;

-Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын?

- Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған қалаған жер жұмсақ төсектей рахат болады;

- Қалай бай болайын, деген соңғы сұрағына, әкесі:

-Басқалардың дүниесіне тамсана қарама, өзіңнің мүлкіңе қанағат жасаса. Сол кезде сенен бай адам болмайды, балам- деп жауап қатыпты.
3.7K viewsedited  13:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 09:12:08 ҚАРБЫЗ ЖАЙЛЫ

Осыдан 7-8 жыл бұрын ВК желісінде онлайн мүфти һәм мухаддис болып (қайбір жетіскеннен дейсің) жүрген шағымда дәргейіме “”Жүкті әйел қарбыз жесе дүниеге сұлу әрі көркем мінезді сәби дүниеге әкеледі” деген хадис рас па?” деген сұрақ келіп түсті.

Содан хадис саласында терең талдау жасап, зерттеумен айналысатын әлемдік ғылыми институт сайтынан осы хадисті іздестіргенімде төмендегідей жауапқа кезіктім:

Сенімді әрі танымал хадис кітаптарында бұл жайлы ешқандай хадис келмеген.

Сондықтан бұл секілді хадистерден тексеруден өтпейінше аулақ болған дұрыс. Себебі, көптеген мухаддистердің айтуы бойынша, Алла Елшісінің ﷺ қарбыз жегені жайлы ғана болмаса, қарбыз жеудің артықшылығы туралы айтылған ешқандай сенімді хадистер жоқ.

(Қараңыз: Задул-Мағад, 4/287; әл-Мақасидул-Хасана, 175-76; Мулла Әли Қари, әл-Маснуғ, 77)

Бүгін осы хадисті елге танымал ұстаздардың бірі сторисінде (еш сілтемесіз, дерексіз) бөлістіпті. Сосын мен де қолымда бар ақпарды бөлісіп қоюды ұйғардым.
2.8K views06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 07:01:59 Қанша жаңадан бой көтеріп жатқан зауыттың, қанша жүзеге аспақ жобаның ақшасын жемқорлар жеп қойды. Бірақ ”мына мешіттің ақшасын жеп қойыпты” дегенді еш естімеппін. Тіпті ол мешітті жемқорлар салып жатса да..!
2.5K views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 20:45:10 Умраға баратындар үшін лайфақ:

Өзіңізбен бірге жайнамаз ала кетіңіз немесе сол жақтан сатып алыңыз. Сосын пайғамбар мешіті, Рауда, Қағба секілді қасиетті жерлерде сол жайнамазбен жиі намаз оқыңыз. Шанс келсе, жайнамазды Қағбаға үйкеп алыңыз. Берекесі дариды, әрі тәбәрік болады.

Соңғы екі жазбаны өзара ұштастырған ақпарат болсын
2.5K viewsedited  17:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 18:35:01 Әпенді досым бар. Бір күні жаназаға жайнамазбен келіп тұрғаны. Есіме түссе әлі күнге дейін күлемін
2.6K views15:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 16:25:18 Фиқһта “жаназада күлу дәретті бұзбайды” деген мәселе бар. Ойлап қарасаң, есі дұрыс адам жаназада күле ме деп ойлайсың ғой.

Бірақ, ол да мүмкін екен.

Умраға барғандар біледі. Әр парыз намаздан соң жаназа оқылады. Бір күні Қағба жанында жаназаға құлақ қағып жатсам, Жанболат ұстазым өтіп бара жатып, әлденені (нақты есімде жоқ) құлағыма сыбырлап кетті. Енді кеп намазда тұрып күлсемші… Ішімнен астағфируллаһ (х3) деп қоямын әлсін-әлсін…

Кейін фиқһта бұл мәселенің барын да ойлап, дініміздің ұқыптылығына тағы бір мәрте тәнті болдым.
2.5K viewsedited  13:25
Ашу / Түсініктеме