Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты: 1. Жесең ең дәмд | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты:

1. Жесең ең дәмді тағамдарды же;
2. Ұйықтағанда ең рахат төсекте ұйықта;
3. Өмір сүрсең ең бай болып өмір сүр- депті.


Ұлы әкесінен: -Әкетайым, ең дәмді тағамды қайдан табамын?

- Адал жолмен тап. Қарның ашпастан тамақ жеме. Қарның қатты ашса, қалаған тамақ дәмді болады;

-Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын?

- Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған қалаған жер жұмсақ төсектей рахат болады;

- Қалай бай болайын, деген соңғы сұрағына, әкесі:

-Басқалардың дүниесіне тамсана қарама, өзіңнің мүлкіңе қанағат жасаса. Сол кезде сенен бай адам болмайды, балам- деп жауап қатыпты.