Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-15 09:15:13 Кеше Медет деген бауырымыздан қапыда айырылып қалдық. Өте мықты жігіт еді. Әрдайым діннің қамында жүретін, уайымы да дін еді. Намаз бастағанына небәрі екі жыл өтсе де, біраз шаруа тындырып еді. Жаны жомарт жан еді. Дін үшін қаражат шашудан аянбайтын. Мақсат-мұраты да үлкен еді. Өзі тұратын ауданда мешіт соғып, соның уайымымен жүгіріп жүрген. Шыны керек, Мәкеңнің мезгілсіз кетуін қабылдай алмай-ақ қойдым. Жамағатты локомативше сүйреп жүрген сәті еді.  Неге Мәкең? Неге қазір? деген өксік көңілімнен кетер емес. Амал нешік. Дүниенің жалғандығы осы. Арғы күні ғана таңғы асты бірге ішкенбіз. Бүгін сол бауырымды жоқтап отырмын.

Сенің жолыңды, күшіңді, ынта-ықыласыңды Алла бізге де нәсіп етсін, Мәке! Сен үмметке керек едің, әлі де берерің мен жасарың көп еді ғой. Алла жүзіңді жарық қылғай! Жаның жәннатта шалқысын!
2.0K viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 14:35:50 Жақсы танитын досымның қарындасы болатын. Бес уақыт намазы түгел, әуретін жапқан қыз еді. Былтыр тұрмысқа шықты. Кімге, қай жаққа ұзатылды, ол жағынан хабарым жоқ.

Жақында сол досымның стористерін көріп отырмын. Қарындасын туған күнімен құттықтай барыпты. Байқағаным, қарындасы баяғыдай хиджабта емес, басына орамал ғана тартып алыпты. Шыны керек ішім қынжылып кетті. Бәлкім, қайын жұрты қарсы болған шығар деп ойладым. Себебі, көп ата-ана келінінің хиджабта болғанын қаламайды, ондай келінді қабылдауға да қарсы.

Сондықтан жігіттер, хиджабтағы қызды жар жар еттіңіз бе, оған әрдайым тірек бола біліңіз. Мейлі, ата-анаңыз, ағайыныңыз қанша жерден қарсы болса да, оның әуретінің ашылуына тосқауыл болыңыз. Ол қыз сені қорғаным, тірегім деп ойлады, сол оймен сіздің жарыңыз болуға келісті. Ал, сен келіп оның шариғи міндеттерін толық атқаруға жәрдемші бола алмасаң, мұсылмандық түгіл, жігіттігіңе сын! Әрісі, Қиямет күні де бұл үшін сіз жауапты боласыз.

Ал, егер олай жасау қолыңыздан келмей ме, орамалды қыздан аулақ жүргеніңіз дұрыс. Себебі, адам тағдыры мен ахиретін өзгерткелі тұрсыз. Орамалды қыздар да розовый очкимен тұрмыс құра салмай, болашақ жарының отбасылық авторитетін бір ескеріп алғаны дұрыс.
3.5K viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:58:06 Исламдағы қос мерекенің өзіндік әлеуметтік маңызы бар. Ораза айтта міскіндер мұңаймасын деп пітір садақасы берілсе, Құрбан айтта жоқ-жітікке ет таратылады.

Жоқ-жітік демекші, мұқтаждардың дені көп балалы отбасылар. Ең кемі төрт-бес баласы бар. Екі балам бар еді, көмектесіңізші дейтіндер ілу де біреу. Әрі осы көпбалалы отбасылардың біразы ажырасқан жалғызбасты аналар. Әрқайсысы шиттей төрт-бес баланы асырап отыр.

Мені таң қалдырғаны осы отбасылардың еркектері қайда жүр? Украинада соғысып жатпағаны анық.

Рас қазір ажырасу көп. Бірақ, ондай некелердің ұзақтығы 1-3 жыл. Ал, осынша баланы тууы үшін ең кемі 6-8 жыл уақыт керек қой. Осынша жыл бірге тұрып, сонша баланы тудырып алып, қашып жүргендерді еркек деуге бола ма?

Жақсы, жағдайың төмен екен енді неге сонша баланы тудырта береді? Кішкене аяққа тұрып кеткенше, тартатын жерді тарта тұруға болады ғой. Әлде, сол балалардың ақшасына күн көруді ойлай ма?!

Мен балаларды аяймын. Не жарытып тамақ ішпейді, не дұрыс жатар жері де, киер киімі де жоқ. Балалық шағы да бақытты емес. Олардың балалығын былғайтындай соншама тасжүрек пе едік?!

Әйелдің де кінәсы бар дерсіз. Жоққа шығармаймын. Бірақ, отбасыны асырау, қамтамасыз ету еркектің міндеті. Экс-үлкен кісінің «бала туарда менімен ақылдастың ба» деуінде әсілінде шындық бар.

Бұл жазбаның жесір, ажырасса да жағдайын жасап отырған әкелер мен мүгедек жандарға еш қатысы жоқ.

Капернаум деген кино бар. Ол туралы алдын да жазғанмын. Балалық шағын қор қылғаны үшін ата-анасын сотқа берген бала жайлы. Көруге кеңес беремін.
2.2K viewsedited  05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 20:54:14 Шайтанның ақылындай ғашықтығы болғанда бүгінгі күндегі Ібіліс болмас еді.

Хазіреті Мәулана
2.1K views17:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 05:15:24 Досай бидің жас кезі екен. Әкесі оны сынамақ болып:
- Балам, патша үлкен бе, диқан үлкен бе? - депті.
Бала кідірместен:
- Әрине, диқан үлкен.
- Қалайша?
Сонда Досай бала:
- Диқан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? - деген екен.

Досай би Бәйгеұлы (1692-1790 жж) - қазақтың биі әрі батыры. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен
2.3K views02:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 19:40:30 Әпендінің әңгімелері | Посткүнем pinned a photo
16:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 17:10:07 Өнер жұлдыздары карьерама кері әсерін тигізеді деп әйелі барын жасырады. Ал кей шенеуніктер мансабыма зияны тимесін деп намаз оқитынын жасырады.

Бір кем дүние-ай…
2.4K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:26:32
Ауылда мешіт соғып жатырмыз. Сіздерден қаржылай қолдау мен репост керек!
3.1K views09:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 09:36:44 Көп әйелі бар еркек құрбанын кезегі келген әйелдің үйінде шалу керек екен.

Біле жүріңіздер

Айт қабыл болсын!
2.4K views06:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:17:25 Тәкәппарлық сондай дерт, қай жақтан келетінін білмейсің кейде…

Сәл ақшаң көбейіп, табысың арта бастаса маршрутқа мінуді ар санап, таксимен жүруді жөн көресің. Бар бара, көшеде қол көтеріп тұруға ұялып Яндекспен (Атырауда тиімдісі InDriver) жүре бастайсың.

Осылай, осылай көңілге кірбің мен тәкәппарлық дәні егіле бастайды екен.

Срочно, армянский учетпен болса да көлік алу керек-ау деп ойланып отырғанымда әлі права оқымағаным есіме түсті…
2.5K viewsedited  04:17
Ашу / Түсініктеме