Get Mystery Box with random crypto!

ҚАРБЫЗ ЖАЙЛЫ Осыдан 7-8 жыл бұрын ВК желісінде онлайн мүфти һ | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

ҚАРБЫЗ ЖАЙЛЫ

Осыдан 7-8 жыл бұрын ВК желісінде онлайн мүфти һәм мухаддис болып (қайбір жетіскеннен дейсің) жүрген шағымда дәргейіме “”Жүкті әйел қарбыз жесе дүниеге сұлу әрі көркем мінезді сәби дүниеге әкеледі” деген хадис рас па?” деген сұрақ келіп түсті.

Содан хадис саласында терең талдау жасап, зерттеумен айналысатын әлемдік ғылыми институт сайтынан осы хадисті іздестіргенімде төмендегідей жауапқа кезіктім:

Сенімді әрі танымал хадис кітаптарында бұл жайлы ешқандай хадис келмеген.

Сондықтан бұл секілді хадистерден тексеруден өтпейінше аулақ болған дұрыс. Себебі, көптеген мухаддистердің айтуы бойынша, Алла Елшісінің ﷺ қарбыз жегені жайлы ғана болмаса, қарбыз жеудің артықшылығы туралы айтылған ешқандай сенімді хадистер жоқ.

(Қараңыз: Задул-Мағад, 4/287; әл-Мақасидул-Хасана, 175-76; Мулла Әли Қари, әл-Маснуғ, 77)

Бүгін осы хадисті елге танымал ұстаздардың бірі сторисінде (еш сілтемесіз, дерексіз) бөлістіпті. Сосын мен де қолымда бар ақпарды бөлісіп қоюды ұйғардым.