Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-05-21 21:19:14 Байқадыңыздар ма?

Мен тоқал туралы жазбай кеттім ғой)

Бірақ бұл тоқал алдым не жазары таусылды деген сөз емес, әрине.

Жазу демекші, көп адам “өзің тоқал алмасаң, несіне жаза бересің?” дейді.

Оларға айтарым: “ТРЕНЕРЫ НЕ ИГРАЮТ”

Күлкілі көріні ме? Ендеше аяғына дейін оқы!

Алекси Ни дейтін кісі бар. Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері. Қай спорттан деп ойлайсыз?

- Жүгіру, волейбол, жеңіл атлетика?
- Қателесесіз.

Бұл кісі ауыр атлетикадан (штанга көтеру) құраманы 1996-2016 жж. басқарған. Осы кезеңде Илия Ильин, Чиншанло, Майя Манеза, Подобедова, Рахимовты Олипиада шыңына шығарды. Өзге шәкірттері әлемдік додадан көрінді.

Қазақстан қоржынына Ни секілді ешбір бапкер мұнша көп медаль салған емес!

Демек күлуге әлі ерте

Жөзе Мәуриньюді танымайтындар аз шығар. Кәнігі Гвардиолланың өзі “ғасырдың үздік бапкері” деп бағасын берген тұлға. Реал Мадрид, Челси, Порту, МЮ сияқты азулы командаларды өрге сүйреп, чемпиондық тұғырға шығарған хас маман.

Сүйткен Жөзенің өзі мектепте доп тепкені болмаса, кәсіби футболшы ретінде бағын сынап көрмеген екен.

Қызығы, Жөзе секілді бапкерлер футболда көп деседі

Генаны Гена қылған гүрзі соққысы мен әбжыландай қимылы һәм бапкері Әбіл Санчестің еңбегі еді. Гена батыр барлық атақ пен марапатқа Әбілдің қол астында жүріп жетті.

Сол Санчесте аратұра кикбоксингпен айналысқаны болмаса, боксер ретінде кәсіби рингте өзін шыңдамаған адам екен. Бірақ, мұнысы Әбілге сан чемпионды даярлауға кедергі келтірген емес.

Ал сен “Тренеры не играют” деген сөзге күлесің

Айтпақшы, осы кезге дейін тоқал деп толғатқан толғамдарым бір есекке жүк болмаса да, бір кітапшаға жарайтындай боп қапты. Соларды топтастырып Телеграмнан канал ашып жіберсем қалай болады, өзі?
630 viewsedited  18:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 12:55:40 Бауыржан ұстаздың бұл пәнимен қоштасқанына да бір апта болыпты.

“Ұстаз, сақалыңыздан бір талын берсеңіз, ертең ұрпақтарыңызға “аталарыңның сақалы” деп сатам ғой” деп әзілдесуші едім.

- “Ұстаз, тоқал алып артыңыздағы сан мүридке үлгі көрсетсеңізші” -десем:
- Әй, батамды саған бердім, сен-ақ ала бер” деп күлетін.

Есімізде жарқын жүзі мен әрдайым күлімдеп жүретін бейнесі қалыпты.

Алла ұстазымыздың дәрежесін биік қылғай!
457 views09:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 17:15:59 2020 жылдың аяғында Алматыда болдым. Сол кезде ұстазды зиярат етіп барып, бірге түстенгенбіз. Кейін жақында баспамыздан шықты деп көлігінен “Адамзаттың асылы- Мұстафа” деген кітаптың екі данасын сыйға тартты. Сонда байқағаным, ұстаз ескі Мерс мініп жүр екен, нөмері де армянский. Сол көлігін кеше дүниеден өткенше мініп кетіпті.

“Мүфтият ұстаздың артында қалған отбасына Алматы қаласынан пәтер берді” дегенді естіп, сонда ұстаз осы кезге дейін үйсіз жүргені қалай деп іштей күрсіндік.

Бәлкім бұл ұстаздың жалған дүниеге деген ұстанымы да шығар. Әйтпесе әріптестері мен үзеңгілестері секілді шыттай иномарка мініп, қаланың қақ ортасынан жайлы баспанаға қоныстануға әлеуеті де, қауқары да жетуші еді. Ұстаз өзінің қарапайым болмысын жоғалтпаса керек. Ескі Мерсі мен мүфтияттың қызметтік пәтерінде күн кешіп-ақ, артына мол мұра һәм өшпес өнеге тастап кетті.

Халифа Әбу Бәкір дүниеден өткенде Хазірет Омар "Ей, Әбу Бәкір сен өзіңнің кейінгілерге көтеруі қиын жүк қалдырдың-ау" деп көз жасын төккен екен.

Ұстазымыз да артына көркем мінез бен қарапайымдылықтың ерекше үлгісін қалдырып кетті. Бірақ мына біз ол аманатты жалғастыра аламыз ба.. Бұл үлкен сұрақ енді.
735 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 07:49:04 Пайғамбарымыздың ﷺ жанында ғұмыр кешкен әр сахаба “Алла Елшісі мені қаттырақ жақсы көреді” деген ойда болған екен. Тіпті, Хайбар соғысында “Ертең туды Алла мен Оның Елшісі жақсы көрген кісіге беремін” дегенде көп сахаба іштей “маған беретін шығар” деп үміттенген.

Бұл Алла Елшісінің ﷺ сахабаларымен жасаған көркем мәмілесінің нәтижесі еді.

Марқұм Бауыржан ұстазымыз (Алла рақым етсін) дүниеден өткенде көп адам желіде жылы естелігімен бөлісті. Байқағаным, ұстаз жүздескен әрбір жанмын өте көркем мәміле жасапты. Барлығын жанына жақын тартып, шынайы бауырлық танытыпты. Бұл нағыз пайғамбар мінезінің үлгісі еді.

Алла ұстазымызды мейіріміне бөлесін! Мінез-құлқы көркем болғандарға нәсіп болған әжір-сауаппен рухы шалқығай!
749 viewsedited  04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 15:15:58 Телефоным айфон болса да, екі нөмер ұстаймын. Біріншісі ресми. Мені керек еткен адамдар сол номерге соғады және ол нөмерге барлық данныйлар тіркелген: әлеуметтік желідегі аккаунттар, барлық банк карталары, егов, пенсионка, т.б.

Екіншісі шаруаға арналған. Ол нөмерді көбі біле бермейді әрі ол нөмерге тел соғатындар өте сирек.

Бүгін сол нөмерге бейтаныс номер қоңырау шалды. Оператор өзін орыс тілінде таныстырып Каспиден соғып тұрғанын айтты. Айтуынша, менің каспи шотымнан біреу ақша алмақшы екен.

Менің бұл нөмерде ешқандай банк шотым тіркелмеген еді. Алаяқ екенін сездім де осы кезге дейін жемісін беріп жүрген ескі қулығымды іске қостым.

- Маған қазақша айтсаңыз
- Я не могу на казахском
- Маған қазақша керек!
- Тыңқ..тыңқ…

Маған осындай манердегі сценариймен аптасына ең кемі 3-4 қоңырау түседі.

Барлығына қазақша айтыңыз десем, ат-тонын ала қашады. Осылайша талай мошенниктен аман қалдым!

Көп тіл білмеудің бір пайдасы болса, осы шығар дедім ішімнен…

#әпендішілік
1.2K viewsedited  12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 08:47:45 Стористің ұзақтығындай қысқа ғұмырда қадірлесіп жүрейік!
1.4K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 08:47:19 Қазіргі қоғамда қадіріңді білу үшін өлу керек секілді…
1.3K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 21:23:22
258 views18:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 15:05:16 ШӘУУӘЛ АЙЫНЫҢ ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫ

Сіздерді берекелі Шәууәл айында умра сапарына шақырамыз!

Біздің компания LUX пакетте төмендегідей сервис түрлерін ұсынады:

РАССРОЧКА/ БӨЛІП ТӨЛЕУ
14 күндік Умра сапары
Екі мезгіл тамақ
Екі Харам мешітіне жақын 5* қонақ үйлер
Бір жылдық мультивиза
ПЦР тест (вакцина)
Умра кітапшасы (лайфхақтар)
Білікті гид, трансфер
Қасиетті жерлер мен тарихи-мәдени орындарға экскурсия

Сыйлыққа 5 л зәмзәм мен Пайғамбар ﷺ мақтаған әжуа құрмасы беріледі.

Орын саны шектеулі.

Толық ақпарат: +7 702 261 2222 (тел/whatsapp)
743 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 15:05:16
729 views12:05
Ашу / Түсініктеме