Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 30

2021-07-20 06:34:29
Мына нәрсені ескере жүрсеңіздер
_____________

Сахаба әбу һурайрадан (радиаллаһу әнһ) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ:

"Алладан тілек тілегенде ешбірің:
«Уа, Аллаһым! Қаласаң, мені кешір! Уа, Аллаһым! Қаласаң, мені мейіріміңе бөле!» – деп айтпасын, керісінше тілегін нақты айтып, табандылықпен сұрасын, өйткені (құлының дұғасын қабыл алып, алмау мәселесінде) Алланы ешкім мәжбүрлей алмайды», – деп айтты». (Муттафақун ғалайһ)
1.3K views03:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 04:25:09 “Ты не пришла на праздничный айт, Ты не пришла на праздничный айт, Ты не пришла на праздничный айт, А я так wait... A я так wait... Ұнатқан ухтиі айт намазына келмей қалған жігіттің әні @apendim
1.2K views01:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 23:06:36

1.2K views20:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:28:45
Әрбір ахи инстада суретіне ғашық қыз
Қай сектаны ұстанасың, ей, тобығы ашық қыз?

Дейсің рас әурет жабу қызға парыз білемін,
Бірақ неге көрініп тұр сүттей аппақ білегің?

Қиылған қас ақ маралдың лағындай сәл керілген
Орамалдың арасынан шаштарың тұр көрінген.

Талдырмаш тал мүсініңнен қалдым әсте таппай сын,
Айтшы қалқам, әуретіңді неге толық жаппайсың?

@apendim
1.4K viewsedited  08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:28:26 ​​Вакцина алсаң да тағасың, алмасаң да маска тағасың…

Алған вакцинаң сені вирустан толыққанды сақтамаса, тәуекелге барудың қандай мәні бар?
1.3K views07:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-17 16:29:48 Егер ата-бабамен мақтанудан әлем чемпионаты өтсе мұсылмандар мен қазақтар өзара алғашқы орындарды бөлісуші еді. Ал, америкалықтар мен еврейлер 1/8ден ұшып кетер еді…

@apendim
2.3K viewsedited  13:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 18:20:41 Діни білім толық алмаған, имамдармен алысатын шала шәкірттерге қашан ақыл, білім қонар екен.


Ereke (زوّجه الله بالأربعة)
https://t.me/kaatib0
1.6K views15:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 07:23:22 Askimam.org деген сайт бар. Ғұмыры 20 жылдан асады. Ағылшын тілінде бүкіл әлем мұсылмандарына ханафи мәзһабы негізінде пәтуа беруші сайт. 2014-2015 жылдары сол сайтты сағаттап ақтарып, күндіз түні оқушы едім. Кез-келген діни тақырып пен заманауи сұрақтарға сайттан жауап табуға болатын. Ағылшыншам жетпегесін Гугл Транслейтті қолданатынмын. Алғаш Деобанд туралы да осы сайттан көптеп оқи бастадым. Бірнеше пәтуаларын қазақ тіліне аударып, сайт пен парақшаларға жариялап тұрғанбыз.

Бүгін осы сайттың негізін қалаушы Мүфти Ибрагим Десаи (Алла рақым етсін) дүниеден өтіпті. Шейх туралы көп мұсылмандар біле бермейді, ғаламторда суреті де жоқ. Бірақ, ол кісінің исламға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бір байқаған дүнием, ағылшын немесе орыс тілінде болсын көптеген сайттардың негізін қалаушы ұстаздар осы ғалымның шәкірттері болып келеді әрі осы сайттарда жарық көрген пәтуалардың дені шейхтың мақұлдауынан өткен :

Askimam.ru - Аскимамның орысша нұсқасы
Darulfikr.ru - Әбу Әли Ашғаридің сайты
Darulfiqh.com - Мүфти Фараз Раббани сайты
Daruliftaa.com - Мүфти Адам әл-Кәусаридің сайты
Daruliftaa.net - Пәтуа беру Академиясының ресми сайты
Seekershub.org - Төрт мәзһаб бойынша онлайн медресе
Hadithanswers.com - хадистерге анализ жасайтын сайт
Muftisays.com - Ислами форум
Jamiat.org.za - Оңтүстік Африка Ғұламалар Кеңесі сайты

Осылай тізбектей беруге болады. Барлығын бірдей жазу мүмкін емес.

Алла Тағала шейхты мейіріміне бөлесін!
3.1K views04:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 16:57:17
UPD: Тоқал алмақ-қо…
1.8K views13:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 13:24:07 Уа, Аса құрметті Тоқ-Байден Ислам Синергия акамедиясының студенттері!

Бүгін сіздерге өткен ғасырда өмір сүрген блогери мәзһабының көрнекті өкілі, Орта Азияға танымал дінтокері, төрткүл ТМД-ға аты мәлім вайнер ғұлама Әбу Вайн ибн Лайкбас (оған инста сауаптары барып тұрсын) туралы айтып бермекшімін.

Әбу Вайн әл-Блогери өз заманында ең танымал инста-ғұламалардың бірі болды. Ол өзінің әр сторисін дәретпен шығаратын. Ал, тікелей эфирге шықпас бұрын әрдайым екі рәкәт намаз оқитын. Оның эфирін жүз мыңдаған халық көретін. Ал, жазбалары мыңдаған лайк пен пікір жинайтын. Оған жар болғысы келетін ухтилердің көптігі соншалық, тіпті 35-і әйелі болуға дайын-тын…

Ол кісінің артынан жесткий дискке жүктемесе флешкаға сыймайтын 100ТБ-қа татырлық стористер мен тікелей эфирлер, мыңдаған посттар мен жүздеген вайндар қалды. Ал, осынау қымбат қазына мен діни жәдігерлерді зерттеу мен зерделеу бүгінгі буынның мұсылмандық міндеті.

2107 жыл. “ХХІ ғасырдағы көрнекті ислам ғұламалары мен олардың діни модернизмге ықпалы және реформалық агитациясы” халықаралық ғылыми конференциясынан
2.4K viewsedited  10:24
Ашу / Түсініктеме