Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-10 21:53:11 Әпенділердің бірінің кәсіпке көңілі ауып, шарапхана ашпақшы болады. Алайда, жалға алған ғимараты тап мешіттің жанында екен. Содан “мешіт жанында шарапхана ашылады” дегенді естіген молдасы бар, жамағаты бар астапыралла айтып әлгіні райынан қайтармақ болыпты. Бірақ әлгі сабазың қыңыр екен, дегенінен қайтпапты. Содан молдалар Құдайға мінәжат жасап, шарапхананың жабылуын сұрап жиі дұға етуге көшеді.

Содан ертесі ашылады деген түні ауа-райы бұзылып, шарапханаға найзағай түседі де, күлі қалғанша өртеніп кетеді. Бұл көрініске куә болған мешіт жамағаты тәкбір айтады.

Көп уақыт өтпей әлгі әпенді мешітті сотқа беріп, өтемақы талап етеді. Ал, молдалар оның талабымен келіспей қояды. Дау ұзаққа созылып, екі тарапты тыңдай келе қазы:

“Мен қазір нақты қандай үкім айтарымды білмей тұрмын. Бірақ байқаған дүнием, мына әпендінің дұға күшіне деген сенімі мешіттегілерге қарағанда күштірек екен” деген екен…

@apendim
2.7K viewsedited  18:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:02:05 Атағы елге көп тараған Байдалы шешен қартайған шағында кедейлік басып, жұтаң өмір сүріпті.

Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы:

– Биім-ау, мұның қалай? Өзіңде болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, неге құрбан шалмадыңыз? Мұныңыз ұят болды ғой, – деп Байдалыға ақыл үйреткен екен.

Сонда Байдалы былай депті:

– «Сөйлемесе, сөздің атасы өледі» деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса, көрмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал – аспандағы мал. Інідегі мал – індегі мал. Баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қайыршы, ал ұрлаған адам – қарақшы. Ұяты жоқ адамнан алып борышты болғанша, алмай Құдайдың өзіне-ақ борышты болайын деп құрбан шалмағаным рас, – деген екен.
232 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 05:58:53 Айт қабыл болсын, әпенділерім!

Алла сізден де бізден де қабыл еткей!
259 viewsedited  02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 15:23:41
Сторис, статусқа қоям десеңіздер. Мен пақырды белгілеп кетуді ұмытпаңыздар
919 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 07:45:49 Ислам - 1,7 млрд адамның діні ғана емес.

Ислам бұл өмір сүру стилі.

Мұсылмандардың 15%-ы ғана арабтар. Әрі арабтардың бәрі ислам дінін ұстанбайды
1.2K views04:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 18:38:22 Естеріңізде болса, инста-парақшамда кино әлемінен жырақтап, толығымен Исламға бет бұрған Болливуд жұлдызы Заира Уасим туралы жазған едім.

Зайраның ізін ала Сана Хан есімді актриса ислам дінін қабылдағаннан кейін Болливудпен қоштасқан еді. Сол актриса биыл жұбайына еріп алғаш рет қажылыққа келіпті. Қызығы Сананың жұбайы білдей мүфти екен. Вкусы мықты молда екен деп қойдым іштей))

Осылай Алла мен ақыреті үшін шоубизден бас тартып, дінді таңдағандарды көргенде іштей сүйсінемін. Әйтпесе, "режиссердың талабы солай" деп ашық сценаға түсіп жүрген намазхандар қаншама...
1.5K viewsedited  15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 16:51:54 Меккедегі әл-Харам мешіті бас әкімшілігі қажыларды қабылдауға дайын екенін мәлімдепті. Қажылардың қозғалысы мен тауап рәсімдері, мешітке кіріп-шығуын қадағалау мақсатында 400 қызметкер жұмылдырылған. Сондай-ақ, 4000-ға жуық қызметкер күніне он мәрте мешітке тазалық жұмысын жүргізеді және оған күн сайын 13 000 литр дезинфекциялаушы су қолданылмақ. Мешіт аумағында 25 000 дана Зәмзәм су бөшкелері мен 516 су фонтандары орналастырылған екен.

Биылғы қажылық маусымы 7 шілдеде басталады.
2.4K views13:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 19:15:06 Жердің айналатынын Галилейден де басқа көп ғалым білген. Бірақ олардың бала-шағасы бар еді.

Евгений Евтушенко (орыс ақыны)

Түсінген адамға өте терең сөз екен.
2.4K views16:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 16:19:04 Арғы аптада Нигерияның Жоғары соты Лагос штатындағы бастапқы және орта мектептерде хиджаб киюге тыйым салу туралы қаулыны жою туралы үкім шығарды. Аталмыш тыйым 2015 жылы күшіне енген болатын. Алайда, Жоғары Сот өкілдері  орамал тағу исламда жазылғанын және діни міндет болып табылатынын, сәйкесінше аталмыш тыйым мұсылман қыздардың жеке құқығы мен дінін, ар-ұяты мен тұлғалық еркіндігін шектеу екендігін ескере отырып, 1999 жылы қабылданған Конституцияның 38 бабы аясында үкім шығарған.

Бұл оқиға Нигерия қоғамында екіұдай пікір қалыптастырды. Кейбір БАҚ өкілдері «ертең христиандар да өз киімімен мектепке келсе қайтеміз» деп дау көтеріп жатыр екен. Бірақ, біздегідей «Ауғанстан, Сирия» болып кетеміз деп жатқан ешкім жоқ. Десе де Жоғары Сот Лагос штаты әкімшілігінің аппелациялық арызын қанағаттандырмай, үкімді заңды күшінде қалдырды.

Нигерия Батыс Африка ең көп мұсылман тұратын ел. Ресми деректерде халықтың елу пайызын ислам өкілдері құрайды.

Мұсылмандар бір дене секілді дейді ғой. Осы жақсы жаңалықты көріп сіздермен бөлісіп жатқан жайым бар. Бізге де жұғысты болсын деген ниет қой
2.6K viewsedited  13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 05:51:24 Төрт әйелі бар еркек өзін “Властелин колец” сезінеді екен..

#тоқалоңай
2.5K views02:51
Ашу / Түсініктеме