Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-14 08:54:26 Ырза болғаным, кеше Каспи, Егов, Технодом, Актив, Белайн барлығы туған күнімді құттықтады. Тіпті түріктің самокат жалға беретін Бинбині де ескерусіз қалдырмапты.

Өзіңді әжептеуір тәуір адам сезініп қалады екенсің)

Айтпақшы, Каспи 3000 тг көрімдік сыйлады. Бірақ ол үшін 10к сауда жаса деп отыр. Точно сыйлық па мынау деп қалдым.

Енді 7000 тг сыйлайтын біреуді табу керек-ау
2.5K viewsedited  05:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 16:45:25 - басқандарды көріп “жарықтық, біреудің мерекесіне жай ғана күлімсірей алмау да қасірет” екен-ау дедім іштей.

Әйтпесе, позитивті қанша смайлик тұр. Соның біреуін баса кетсең қайтеді, тоқалалғырлар-ау)

Иіс шығармайтын супертақуа маскамды қайта киіп алсам ба екен, әлде?)
2.5K views13:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 15:37:54 Мен солақаймын. Сол үшін кей ортада ыңғайсыз сәттерге қап қойып жүремін. Кейде немесе көбіне сол қолмен тамақ ішемін. Бірақ намазхандармен отырсам оң қолымды жиі қолданамын. Оларға сол қолмен тамақ ішу харам емес жай мәкруһ (тәнзиһи) екенін түсінідіріп отыруға энергиямды аяймын. Әрі олардың көзіндегі иіс шығармайтын тақуа образымды бұзғым да келмейді)) Бірақ акцент байқалып тұрады.

Жалпы сол жақтан оң жаққа көшу ересек адам үшін жеңіл процесс емес. Тіпті соңы психологиялық күйзеліске апаруы мүмкін. Әрине оны оңқайлар оңай түсіне қоймас. Бірақ Алла пендесіне харам мүше сыйламағанын түсінсе игі еді.

Жалпы солақайлар ерекше жан деседі. Әпенділігім де содан жұққан болар сірә.

Бүгін дүниежүзілік солақайлар күні. Барша лефтхандерді мерекемен құттықтаймын!
2.9K viewsedited  12:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:24:51 “Сәке, инстадан жоғалып кеттіңіз ғой” деп біраз адам хабарласып жатыр. Іштей сүйсініп қалады екенсің

Инша Алла, енді осы жерде боламын. Көбірек Телеграмға күш салып, дамытуға көңіл бөлемін. Мен үшін дұға етіп қойыңыздар
464 views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:32:23
1.2K views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:32:05 Жақында израилдық журналист, 13 каналдың әлем жаңалықтары бөлімінің редакторы Гил Тамари қасиетті Мекке қаласынан суреттерін жариялаған болатын. Аталмыш суреттер жергілікті мұсылмандармен қатар ислам әлемінің ызасын тудырып, бұған мүмкіндік берген сауд үкіметін кінәлады. Себебі, шариғат заңы бойынша өзге діндегілерге қасиетті қос қалаға кіруге тыйым салынған. Жұма күні Сауд полициясы журналисттің Мекке қаласына кіруіне көмектескен адамды ұстағанын хабарлады. Күдіктінің айтуынша, ол журналистің сенімінен бейхабар болған және Тамари шекарадан американ азаматы ретінде өткен көрінеді.
1.2K viewsedited  14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 20:21:26
Мына жаназа иесі еш ұстаз да, дін маманы да емес. Бірақ ақырғы сәтіне дейін күш-қайратын Алла жолына арнаған қарапайым жан. Намазға жығылғанына да екі-ақ жыл. Марқұм “жаназама жамағат толы болса, мешітте өтсе” деп армандаушы еді.

Інісі Бауыржан ұстаздың (Алла рақым қылсын) әкесінің сөзін еске түсіріп: “Мен ағамды жаназасында таныдым” дейді.

Алла жүзіңді жарық қылсын, бауырым! Сенің аз ғана өмірің мен өлімің де біздей пендеге үлкен ғибрат! Бақұл бол!
1.7K viewsedited  17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 19:45:59 Біз жақынымыз дүниеден өтсе, қимастықтан жылаймыз. Бірақ сол сәтте өлімнен, қабірдің есебінен қорқып жылай алдық па?

Мен өз басым ондай дәрежеге жете қоймаған екенмін. Соны ойланып отырмын
1.7K views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 11:29:44 Ажал қандай әділетті ә?! Ешкім оның мерзімін өзгерте алмайды. Байлар да оны сатып алуға қауқарсыз.

Бірақ қандай әділетсіз!? Ойлашы, сенің бес балаң бар, кішкентайың әлі бесікте. Әрдайым діннің уайымындасың. Мешіт соғып жатырсың. Нағыз отбасыңа, айналаңа керек, қоғамға пайдалы жансың. Болашаққа деген нақты жоспарларың мен үлкен мақсаттарың бар.

Бірақ бұл Ажалдың “миына кіріп те шықпайды”

Балалары өссін, соққан мешітін бітірсін, мақсаттарын орындасын демейді.

Ажалда фильтр жоқ. Жас-кәрі, бай-кедей деп бөлмейді. Кәрілер мен аурулар ғана табиғи заңдылыққа сай өледі.

Ажал осынысымен құнды һәм қорқынышты.
1.9K viewsedited  08:29
Ашу / Түсініктеме