Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-14 15:05:16
726 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 09:24:36 Ұстаз имам Нәуәидің “Риядус-салихин”, “Қырық хадисінен” дәріс беруді ұнататын. Өзі де имам Нәуәуи секілді қырық жылдық қысқа ғұмыр кешті.

Шейх Рамазан әл-Бутидің “Фиқһус-сира”-сынан жиі дәріс берді.

Өзі де шейх секілді білім ордасында тәсілім болды. Қандай ғажап!

Алла жоғарыда есімі аталған ғалымдарды мейіріміне алғай!
1.1K views06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 20:36:58 Бауыржан ұстаздың “Ниет” жайлы уағызы
1.3K viewsedited  17:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 17:29:13 2013 жыл болу керек. Дарынның дәурені жүріп тұрған шақ. Ғаламторда ханафи ұстаздардың жоқ кезі. Арман ұстаздың Құран тәпсір видеоларын Kiwi дейтін сайттан 144p сапамен тыңдайтынбыз.

Сол уақытта darularqam.kz деген діни сайт ашылды. Сайтты ақтарып, біраз діни мағлұматқа қанықтым. Ұмытпасам, ішінде екі аудио дәріс қана болатын.

Біріншісі, Қанат Жұмағұл ұстаздың “Таухидті үшке бөлуге бола ма?”

Екіншісі, Бауыржан деген ұстаздың “Ниет” сабағы.

Соңғы дәрісті қайта-қайта тыңдап, ұстазға басым кетті. Ол кісі жайлы жан-жақтан сұрастырып, Алматыда ұмытпасам Тастақ (қазірі Төле би) мешітінде дәріс беретінін естідім. Шейх Рамазан әл-Бутидің Алла оған рақым етсін) дәрістеріне қатысқанын естіп, тіптен асық болдық. Атыраулық Шыңғыс дейтін баланың сол кісінің дәрісіне баратынын біліп, онымен достасып алдық, кейін ажырамас достарға айналдық.

Ұстаз сол кезде дәрістерін жазуға, таспаға басуға қарсы болатын. Тек Шыңғыстың жазып алған аудиоларын ара-тұра көшіріп алып, тыңдап тұратынбыз.

Содан 2014 жылы Атырауға сапарлатып келді. Сол кезде соңынан қалмай жүгіріп жүріп Нұрбек досым екеуміз ұстазбен 5 мин қана сөйлесіп, сұқбаттасып үлгердік.

Осылайша таныстық басталған еді.

Сіздерден ұстаздың дәрістерін, уағыздарын көбірек таратуды сұраймын. Осы арқылы ол кісінің рухына көптеген әжір-сауаптар жолдай аламыз.

Алла ұстазымызды мейіріміне бөлегей!
1.5K views14:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 14:42:36 Он күн бұрын қоңырау шалды. “Сырым, алдын шығарамыз деген кітабың бар еді ғой, соны маған жіберші”. Соңғы рет сейсенбіде жазыстық. “Бұйырса, ертең баспа хабарын береді” деді.

Бұл ұстазбен болған соңғы сұқбат екен.

“Сырым, маған намаз сайын дұға қып тұр, ұмытпа” деуші еді. Арасында “ұмытып кетпедің бе,ей?” деп қоятын. Қазір, ойланып қарасам, үлкен нәрсе сұраған екен.

“Сіз пір болсаңыз, етегіңізге бетімді сүртіп, қолымды беремін”, “сақалыңыздан бір қыл тәбәрік беріп қойсаңыз” деп әзілдеуші едім. Жаны жайсаң, әзілі мен әдебі жарасқан кісі еді.

Жаныңыз бақилық болсын, ұстаз! Алла баршамызға сіз секілді дінге қызмет етуді жазсын!

1.6K viewsedited  11:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 08:57:34 Астанада 8 қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалған азаматтар лезде “күн батырына” айналды. Басында сәбиді 7 этаждан қағып алған жігіт ел алғысына бөленіп, ол жігітті демеп тұрған азамат елеусіз қалып еді. Кейін блогерлердің күшімен ол жігіт те лайықты марапатқа ие болды.

Бірақ осы жерде елеусіз қалған тағы бір үшінші тұлға бар. Ол сол оқиғаны видеоға түсіріп алған жан. Егер ол кісі дәл сол сәтте видеоға түсірмегенде, халық бұл оқиғамен мұншалықты таныс болып, реакция танытпас еді.

Сондықтан “ізгілікті, ерлікті таратып, дәріптегені үшін” видео иесіне де марапат көрсетіп, сыйлық ұсынса керемет болушы ма еді…
1.7K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 21:46:05
1.7K views18:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 14:30:31 Әссәләму аләйкум
Құрметті жамағат, Бауырлар!

Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз инсультпен больницаға түсіп, ота жасалып жатыр

Дұға-тілек жасайықшы
2.6K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 19:55:58 Араб тілінде “Ықылас, Ниет, Мухасаба, Шүкір.......” деген секілді жеке-жеке тақырыптарға арналып жүздеген кітаптар жазылғанын көріп таңғаласың.

Біздің елде де Түркиядағы секілді аударма орталықтарына көп ақша құйылар болса халықтың сауатын ашатын 1000 даған кітаптар шығар ма еді деп те ойлайсың.

Тек соған тағайындалған орталықтар болмаса бір адамның көптеген кітаптарды жазып, аударуы өте ұзақ әрі қиын процесс.

Діни салада жүрген ұстаздарымыз да қаржылық мәселелер себепті күндіз кәсібін жасап, кешке отбасына көңіл бөліп, тек түнде ғана кітап аударуға аз-маз уақыт көңіл бөлетінін жақсы білеміз.

Сол себепті неге кітаптар жазылмай жатыр, елімізде неге сауатты діни кітаптар аз деген сұрақты қойған кезде, өзіңіз бір сәтке болсын ойланып көріңіз.

Осы нәрсенің дамуына аз-маз қандай үлес қостыңыз? Осы күнге дейін қанша діни кітап оқыдыңыз? Оқып болған соң сол кітаптарды кімге ұсыныс қылып, кімге сыйға тарттыңыз?

Құдайдың құтты күні тегін реакция мен лайктың өзін сұраттырып алатын жағдайға тап болдық.

(Неге реакция сұрай береді?- деп ренжитіндер бар.

Сол ұстаздар инфокоучтар секілді реакция сұраттырып, онымен прогрев жасап, ақша тапқысы келеді деп ойлайсыз ба? Охват көтерілген сайын дін кеңінен жайылатынын жақсы білесіз ғой. Өзінің түні бойы кітап ақтарып тапқан мәліметтерді, аз ғана адам емес, көп адам білгенін қалайды. Міне осы үшін)

Сол себепті құрметті бауырым, жәй ғана керітартпа сөздерді азайтып, шынайы қолдауға көшкен дұрыс секілді....
1.5K views16:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 14:52:59 Осы менің жазбаларым нашар ма әлде сіздер лайк басуға ерінесіздер ме?
1.7K views11:52
Ашу / Түсініктеме