Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-28 18:17:17 “Кімде-кім футболдан әлем чемпионатында ЛГБТ жалауын көтеретін болса, 7 не 11 жылға сотталады. Біз мұсылман елміз. Сіздер біздің дініміз бен сенімімізді және мәдениетімізді сыйлау керексіздер.” депті Катар әкімшілігі.

Биылғы ФӘЧ 21 қараша- 22 желтоқсан аралығында Катар елінде өтпек.

#islamnews
2.8K views15:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 15:17:37 ПАЙҒАМБАР ПЕДОФИЛ МЕ?

Күн жексенбі еді.

«Жар бола гөр Жаратқан Ием..мім..!
Оу-оу-оу...»


Көзін жұмған күйі әуенге елітіп жатқан Әпендінің ойын директке келген хабарлама бөліп жіберді. Сұрапқал шәкірті бір минуттық үш аудио жазып жіберіпті. Әпенді директе аудио келсе, жыны ұстайтын. Шекесін тыжырайтқан күйі тыңдай бастады.

«Уа, Ізгілердің ізі, көненің көзі , сөзімен тас жарып, мұз шайнаған, бойдақтардың белесі, тоқалфандардың төресі болған интеллектуалды игі Әпендім! Қымыз сүйгіш Қапендім! Жақында «Пайғамбарымыз Айша анамызбен 9 жасында неке қиған» дегенді оқыдым. Бұл қаншалықты рас? Ана атеисттер…»

Сұрақтың мәнін түсініп бірден жауап беруге көшті:

“Мүриджан, ислам ғалымдары бұл тақырыпқа кең талдау жасап, Айша анамыз 17-18 жасында тұрмысқа шыққан деген тұжырымға келген. Так что, бұл сұрақтың нақты жауабы осы. Десе де, мына нәрселерді қоса айтқым келеді:

Біріншіден, Пайғамбар заманында, дін жаулары Алла Елшісін «жынды, сиқыршы» деп кекеткен. Айша анамыз некесін Мәдина қаласында қиған. Ол жақта мүшріктермен қатар мұнафықтар болған еді. Егер бұл теріс іс болғанда олар тыныш жатпаушы еді. Бірақ олардың ешбірі Айша анамыздың некесін еш сынамаған.

Екіншіден, Айша анамыздың әкесі – атақты төрт халифаның бірі, өзінің кемеңгерлігімен, тақуалығымен тарихта қалған шадияр Әбу Бәкір еді. Ол өз қызына жамандық тілемесі анық еді.

Үшіншіден, Айша анамыз Пайғамбарымызды қатты жақсы көрген, өзге әйелдерінен ерекше қызғанған. Ендеше осындай сезімге толы некені қалай педофилдікке теңеуге болады?!

Төртіншіден, ғаламтордың өзі Пайғамбарды ең мықты тұлға деп біледі. Аузының сүті кеппеген қызды өзіне жар ету мұндай бағаға лайық жанға жараспас іс болуы еді.

Бесіншіден, мүриджан, уступкаға барған күннің өзінде, қыздарды жастай алу бәлкім ол кезде қалыпты нәрсе болса керек деп түйіндеуге болады. Қазір біз де мына лгбтыларды қалыпты адамдар деп қабылдауға тырысып жатқан жоқпыз ба?!

Алтыншыдан, Пайғамбарымызды осылай сынайтындар мына нәрсені ескере бермейді. Алла Елшісі 25 жасында Хадиша анамызбен отау құрған. Сол кезде Хадиша анамыздың жасы қырықта еді және бұған дейін екі рет некеде болған әйел-тін. Ал, айтшы, қазір қай жігіт қылпылдап тұрған айхай жасында осындай әрекетке бара алады?! Әрі Пайғамбарымыз тоғыз әйелінің ішінде Айша анамызды ғана қыздай алған. Сондықтан, сынамас бұрын басқа жағын да шолып шыққаны дұрыс болушы еді!

Он аудио жазып тастаған екен.

- Мащща Алла, Ұстаз! Саб-зеро сияқты қатырып тұрып жауап бердіңіз! Айкюыңызға тәнтімін!

Сағатына қарап еді бесінге әлі екі сағат бар екен. Таңертең Шафхаттың бойын көрем деп таң намазынан кейін ұйықтамаған еді. Мызғып алайын деп жантайған күйі инста ақтара бастап еді, әлдебір танысу парақшасынан «екінші болуға қарсы  емеспін» деп жазған он сегіз жасар үхтидің анкетасын көріп ұйқысы шайдай ашылып кетті....
3.1K viewsedited  12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 12:41:30 Қазақстанда #2 эксперт, #3 психолог, #7 маркетолог жандарды көріп-білетіндер бар ма?

Бәрі шетінен #1. Вообще оларға бұл атақты кім берді-ей..?!
2.6K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 16:52:14 Мына үш ережені мықтап есте сақтаңыз:

- Өзгеге пайда тигізе алмасаң да , зияныңды тигізбе
- Біреуді қуанта алмасаң, тым болмаса ренжітпе
- Мақтай алмасаң, тым болмаса жамандама
2.9K views13:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 17:35:05 Тауыққа тарыдай ақыл берілсе, үйрекке үйреткісі келіп тұрады…
728 views14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 20:10:25 Дінді түлкіден үйренсең, тауық ұрлауды сауап деп білесің

Әзірбайжан тәмсілі
525 views17:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 15:18:38 Бұрын сақалы бар еркекті көрсек намазхан деп ойлаушы едік және ол ой көбіне дұрыс шығатын. Ал, қазір сақал сәнге айналып бәрі өсіре бастады. Қайсысы намазхан, қайсысы бейнамаз айыру қиын. Бірақ байқағаным, алдыңызда сақалы жалбыраған, күтімсіз өскен еркекті көрсеңіз, біліңіз, ол точно намаз оқиды…
929 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 07:20:15 Мен желіде елге ақыл айтып, бірнәрсе үйретіп жүрген бірнеше кісінің парақшаларында қара тізімде жатырмын. Себебі, жазбасына жағымды пікір қалдырмағаным үшін. Содан түйгенім, бұл кісілер елге ақыл айтуды ұнатқанымен, өзіне ақыл айтқанды ұнатпайды екен. Әлде, ол үшін сенің де жүз мыңдаған подписчигің болу керек пе?!
920 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 09:25:03 Екі нәрсе бар, екеуінің де асылы харам:

1) Малдың еті
2) Жыныстық қатынас

Біріншісін Алла атымен бауыздау халал қылса, екіншісі неке қию арқылы адал болады.
1.0K views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 20:13:32 Неге мешітке сбор жайлы видеоның фонында мұңды музыка жүріп тұрады?
1.3K views17:13
Ашу / Түсініктеме