Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 31

2021-07-15 07:47:31 Қазаққа “ЛГБТ”-дан гөрі “Қалаулымның” қаупі көбірек.

Не істесем екен, қырдың басына шығып “Қалаулымның” логотипін өртейін бе?

#атыңшықпасатуөрте
1.6K views04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 12:55:41 Бір кісі мешітке асығып келе жатып, телефонынын дыбыссыз режимге қоюды ұмытып кетеді. Намазда тұрғанында телефоны кенеттен шыр етіп, мешітті басына көтереді. Намаздан соң имам әлгі кісіге көптің көзінше жекіп ұрсады, жамағат та тыныштықты бұзғаны үшін әлгі кісіге ауыр сөздер айтады. Бұған куә болған әйелі алаңғасарлығы үшін жол бойы айыптап, үйге жеткенше кейіп барады. Ұяттан беті қызарған ол кірерге тесік таппай жер болады. Кеудесін ұят пен ыза кернеп, жаны жай таппайды.
Бұдан кейін ол кісінің мешітке барғанын ешкім көрмеген еді.

Сол күні кешке ішіндегі шерді басу үшін барға келеді. Әлі де жүйкесі тынышталмаған ол қолы дірілдеп байқаусызда сусынын үстелге төгіп алады. Лезде даяшы кешірім сұрап, оған салфетка береді. Тазалықшы келіп еденді сүртіп алады. Ал, оқиғаны сырттай бақылап тұрған бар иесі оған:
“Ештеңе етпейді бауырым, барлық адам қателеседі ғой” деп арқасынан қағады. Кейін оған бар атынан өзге ішімдікті тегін ұсынады. Осыдан кейін әрбір кеш сайын әлгі кісі барға келетін болды….

Түріктің бір жазушысы айтады:

"...Жеті жасымда мешітке бардым. Тізем ауырғандықтан бір аяғымды созып отыр едім. Бір жасы үлкен кісі аяғымнан теуіп қалғанда, селк ете түстім. Сосын ол "Ұят деген бар ма?! Алланың үйінде аяғын созып отырғаны несі?! Тұр!", - деп түсін бұзды. Мен тұрып кеттім. Содан мешітке жетпіс жылдан кейін әрең қайтып оралдым....".

Есімде, тәжуидті енді ғана меңгеріп, Құран оқуды үйрене бастаған кезім еді. Рамазан айында хатым түсірмекші ниетте едім. Содан ауылдағы мешітте тарауихтан соң арқамды жарға тіреген күйі аяғымды созып қойып (құбылаға қарай емес) Құран оқып отырсам, мешіт имамы “мынау не отырыс, әдеп қайда?” деп көптің көзінше ұрсып тастады. Сол кезде қысылғаным соншалық біраз уақытқа дейін Құран оқымай кеттім…

Кейде біздің дінге деген “тым жанашырлығымыз” бен “тақуалығымыз” өзгелердің бұрыс жолға түсуіне себеп боп жатады. Әсіресе, адам жаңылысқан сәттегі қарым-қатынасымыз оның көзқарасына өте үлкен әсер етуі мүмкін…

@apendim
2.1K viewsedited  09:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 08:50:13
Ал, вакцинасы - тәубе болар еді…
1.6K viewsedited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 12:12:05 «Өздерің қандай болсаңдар, басшың да сондай болады» деген тәмсіл болушы еді ғой. Сол сөздің хақтығына тағы да куә болдым. Соңғы кезде гивөкшелер мен оңай олжаға құныққандар тым көбейіп кетіп еді. Апама жездем сай, демекші, билік міне, халықтың ашқарақ тұсын өз позициясына тиімді пайдалануда. Вакцина алғандар арасында миллиондап ақша ойнатып, пәтер тігіп жатқаны соның айғағы. Тек биліктің ұмытқаны, Тоқаев пен Цойдың парақшасына жазылып, вакцина алу сәтін сториске қоюы керек деген де бапще қатып кетер еді... Екі досыңды ертіп келсең 10 мың теңгелік бонус береміз десе, ертең-ақ, жақындарымызды сүйреп, пункт алдынан табылғалы жүрміз.

Менің қорқатыным, лотерея үшін денсаулығын сатқандар бір күні ақша мен жалған атақ үшін ары мен ұятын, Отанын сатуы мүмкін. Себебі, ең басты байлығы - денсаулығын ақшаға айырбастап жібергендер үшін бұл аса маңызды шешім болмақ емес.

Билік өздерінше сәтті науқан өткізіп жатырмыыз деп мастанып жүр. Бұл біздің болашақ буынға көрсетіп жатқан үлгіміз екенін, келер ұрпақтың алдында ұлт ретінде моральдық құндылығымыздың жоғалып бара жатқандығын қашан ұғынар екенбіз?!

Мәжбүрлі вакцинация жайлы. «Сократқа у ішкізген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.» - дейді Хәкім Абай. Билік әрі айтты, бері айтты. Ақша тікті, ұтыс ойнатты. Болмағасын «ебін тауып, жөнге салуға кірісті.»

Вакцинаның құндылығы ұжымдық иммунитетте. Ал ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықта медициналық сауаттылықтан бөлек елге деген уайым мен патриоттық сезім керек. Алайда, билікте жоқ бұл қасиеттерді бұқара өз бойынан көрудің еш мәні жоқтығын біледі. Сондықтан, ешкім тәуекелге барып, басын бәйгеге тіккісі келмейді. Бәлкім билікте шынымен ұлтжанды, елдің қамын ойлаған, әрдайым халықтың сөзін сөйлеуге даяр, елдің сенімен ие тұлғалар болғанда, халық еш қарсылықсыз вакцина алар еді. Өкінішке орай, халықтың дені жұмысынан айырылып қалмас үшін, бастығына жағынбақ хәлде егілініп жатыр. Оған жоғарыдағы лотореяны қосыңыз.

Айтпақшы, Шешенстанда вакцинасыз мешітке кіргізбейді.

Сарышұнақ болуға сәл-ақ қалдық-ау…
1.7K views09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 22:50:38 ӨТКЕНІҢДІ АЙТПА..!

Шағби былай әңгімелейді: «Бір сахаба Омарға (р.а.) келіп: «Менің бір қызым бар, жәһилия кезеңінде мен оны тірідей жерге көмдім. Көмуін көмсем де, іле-шара райымыздан қайтып, оны топырақтан қайта аршып алдық. Кейін ол да бізбен бірге Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды. Алайда ол Ислам дінін қабылдағаннан кейін жазаға тартылатындай бір күнәға батты, сөйтіп өзіне-өзі қол жұмсады. Бірақ бұл өмірден көрері әлі таусылмаған екен, үйтіп-бүйтіп жүріп оны өлімнен ара- шалап қалдық. Пышақ мойнындағы бірнеше тамырын қиып кеткендіктен, ұзақ уақыт емделуге тура келді. Кейін тәуір болып, тәубе еткеннен кейін, оған құда түсіп келгендер болды, мен оларға қыздың басынан өткен жайдың бәрін жасырмай айттым», – деген еді.

Хазіреті Омар оның бұл қылығын ұнатпай: «Сонда сен Алланың жасырғанын жайып салдың ба? Уаллаһи, бұдан былай бұл қыз туралы біреуге бірдеңе айтсаң, басқаларына сабақ болсын деп сені жазалайтын боламын. Дереу бар да қызыңды мұсылман және арлы қызға жарасардай етіп күйеуге ұзат», – деді».

“Кәнзул-Уммал 3/1277
_____

Сенің өткен өміріңнің қараңғы тұстарын болашақ жарыңның білуі шарт емес. Отбасы тыныштығы мен берекесі үшін оларды жасыру керісінше дұрыс болады. Кей жастардағы некенің ұзаққа бармауы - өткен өмірге қатысты түсініспеушіліктің орын алуы. Сондықтан бұл нәрсеге жол бермеген дұрыс.

@apendim
2.5K viewsedited  19:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 09:01:15 Жуас қой жүндеуге жақсы
Мүфтият күндеуге жақсы.

@apendim
3.0K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 14:08:51

2.5K views11:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 13:07:41 Кириллица - намазхандар арасында ең көп таралған он бірінші қырағат.

Кириллиционер - намазын 11 қырағатпен оқитын жан. #жаңасөз

@apendim
2.7K views10:07
Ашу / Түсініктеме