Get Mystery Box with random crypto!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ Ә
Telegram арнасының логотипі apendim — Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Арна мекенжайы: @apendim
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.91K
Арнадан сипаттама

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-06-06 16:39:30 Неге халал кафелерде халал емес клип қосылып тұрады, осы?
1.4K views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 07:49:36 “Уа, Әпендім! Неге біз өзіміздің емес, өзгенің кемшіліктерін көреміз?”

"Себебі, пенде байғұс өз-өзін қатты жақсы көреді. Ал, сен біреуді құлай жақсы көрсең оның кемшіліктерін көрмейсің, мүриджан…".

@apendim
285 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 12:57:50 Мына видеоны қарап шығуға кеңес беремін
784 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 12:57:28

850 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:56:02 “Әй, Жәннатты қалаушы пенде! Арғы аталарың бір күнәсі үшін жұмақтан қуылды. Ал, сен онда күнәларыңмен кіргің келеді. Тіпті тәубе етпегенсің де!

Ибн әл-Жәузи التبصرة لـ ابن الجوزي (٣٧٢/١)

@apendim
1.0K viewsedited  04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 20:00:32 Үлкен қажылыққа шақырушы компаниялардың таргетінен көз сүріне бастады. Биыл тағы да қымбаттапты. Ал, көрші елдерде арзанырақ. Үш жыл бұрын осы туралы жазғанымда діни басқарма “бағаны белгілеу біздің құзырымызда емес” деп жауап берген еді.

Бірақ жақында ұзынқұлақтан “әрбір квота туркомпанияларға 1700$-ға сатылады екен” дегенді құлағым шалды. Биыл 3000 квота бөлінгенін есепке алсақ, ортада біреулер ауадан миллиардтар жасап отырған жоқ па деген ой туындап отыр. Бұл қаншалықты сенімді ақпарат? Неге бұлай қажылықты қолдан қымбаттатамыз? Әлде квота утильсбордың діни версиясы ма???
538 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 08:41:28 Автобуспен жүруге арлану да тәкәппарлықтың бір белгісі ме деймін кейде…

@apendim
803 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 20:58:48 ЖӘННАТ ҮШІН ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛЫП ЖҮРСЕҢІЗ, БІЛІҢІЗ

Алла тағала Дəуіт пайғамбарға: «Мен үшін ең сүйкімді пенде, (құлшылығы үшін) ақы дəмеленбей тек, рубубият ақысын өтеу үшін ғибадат қылған адам», – деп уахи жіберген.

«Забур» кітабында: «Тек жəннатқа кіру үшін немесе жаһаннамнан құтылу үшін құлшылық қылған пендеден залымырақ кім бар?! Егер Мен жəннат пен жаһаннамды жаратпағанымда ғибадатқа лайық болмас па едім?» – делінген.

Иса пайғамбар бір топ адамдардың қасынан өтеді. Олар құлшылықтың əсерінен азып-тозып кеткен екен. Сонда олар Иса пайғамбарға: «Біз тозақ отынан қорқып, жəннатты үміт етіп мына хəлге түстік», – депті. Иса пайғамбар: «Мақұлықтан (жаратылған тозақтан) қорқып жəне содан үміт қылыпсындар», – деген екен.

Əбу Хазим (Алла оны рақым етсін): «Мен Аллаға сауап немесе азап себептері үшін құлшылық қылуға ұяламын. Егер солай жасасам, онда (қожайынынан) қорықпаса амал қылмай- тын немесе сый-сияпат бермесе жұмыс істемейтін жаман қызметші сияқты көрінемін».

Имам Ғазали “Аллаға махаббат” кітабынан

@apendim
1.0K viewsedited  17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 13:10:07 “Hala Madrid” дегенді “Халал Мадрид” деп оқитын тек мен бе?
753 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 18:28:49
Басқа жақты білмедім, біздің өңірде мешітте намаз алдын тісін мисуакпен тазалап тұрған ахиларды жиі көремін. Сірә, намаз алдын мисуакты қолдану жайлы хадистерге әсерленсе керек. Әсілі, мисуак тіс пастасының ислами аналогы болып табылады. Яғни, жеке гигиеналық…
293 viewsedited  15:28
Ашу / Түсініктеме