Get Mystery Box with random crypto!

Фиқһта “жаназада күлу дәретті бұзбайды” деген мәселе бар. Ойла | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Фиқһта “жаназада күлу дәретті бұзбайды” деген мәселе бар. Ойлап қарасаң, есі дұрыс адам жаназада күле ме деп ойлайсың ғой.

Бірақ, ол да мүмкін екен.

Умраға барғандар біледі. Әр парыз намаздан соң жаназа оқылады. Бір күні Қағба жанында жаназаға құлақ қағып жатсам, Жанболат ұстазым өтіп бара жатып, әлденені (нақты есімде жоқ) құлағыма сыбырлап кетті. Енді кеп намазда тұрып күлсемші… Ішімнен астағфируллаһ (х3) деп қоямын әлсін-әлсін…

Кейін фиқһта бұл мәселенің барын да ойлап, дініміздің ұқыптылығына тағы бір мәрте тәнті болдым.