Get Mystery Box with random crypto!

Ыстықтық(потница) деген не? Емі бар ма? Бүгінгі талқылайтын т | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Ыстықтық(потница) деген не?
Емі бар ма? Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз осы болмақ.

Ыстықтық - балада температураны реттеудің әлі толық дамымауына байланысты, шамадан тыс ыстықтау мен тердің қатты бөлінуіне жауап ретінде пайда болатын бөртпелер.

Ыстықтықтың 3 түрі бар:
Кристаллдық;
Қызыл;
Ақ. Суретті жылжытып қараңыз.

Ыстықтық көбінесе шығады:⠀
Мойын;
Бет;
Қолтықасты;
Шапаралық қыртыстар;
Жамбас аймағы;
Арқасы, жауырын аймағы.

Ыстықтық басса не істеу керек:
Балаға оңтайлы температуралық режимді қалыптастыру. Яғни, қалың киіндіруге, ыстық қылып орауға болмайды. Тіпті, бала ұйықтағанда да жеңіл киіндіру керек. Үстін жабатын көрпесі де жылы, жеңіл болғаны жөн.
Присыпка құрамына мән беру керек. Құрамында тальк болмауы тиіс, Джонсонс Бэби меби дегендерді қолданбаңыздар! Құрамында: цинк, ромашка, календула, лаванда болса ғана қолданыңыз

Қабынуға қарсы және тыныштандырғыш әсер ететін шөптермен, яғни череда және ромашка, календуламен, сонымен қатар калий перманганатының(марганцовка) әлсіз ертітіндісімен шомылдырыңыз. Егер, жеңіл ыстықтық болса осы емдермен 5 күн ішінде жазылады.

Ыстықтық терең болса, бөртпелері айқын болса, жазылуы кешеуілдесе:
Декспантенол препараттарын:
Пантенол,
Бепантен,
Д-Пантенол,
Пантодерм т.б аэрозоль, крем, эмульсияларын қолданыңыздар.
⠀ Бактериальды инфекция қосылса, Мирамистин ерітіндісін қолданған жөн.
Антисептикалық , теріні құрғатқыш, тыныштандырғыш цинк құрамды препараттардың пайдасы зор:
Цинковая мазь;
Деситин;
Циндол;
Диадерм;
ЕСКЕРТУ: Егер осы көрсетілген емнен 5-7 күн ішінде пайдасы болмаса, тез арада дәрігермен кеңесіңіздер!

Сіздің балаңызда ыстықтық шықты ма? Қалай емдедіңіз?
⠀ Аналарға кеңестер