Get Mystery Box with random crypto!

Балаңыз жақсы ұйықтау үшін - шомылдырудың маңызы зор. Жаңа ту | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Балаңыз жақсы ұйықтау үшін - шомылдырудың маңызы зор. Жаңа туылған нәресетелерді 40 күнге дейін күнделікті қайнаған суды жылытып шомылдыру керек. Шомылдыратын суға тұз, ромашка тұнбасы, кір сабын қолдануға болады.

Шомылу - жаңа туылған нәрестелер үшін стресс болуы мүмкін. Сондықтан баланы біртіндеп үйрету керек. Бірден суға салып шомылдыруға болмайды. Осы ретте бала судан шошынып қалмас үшін бірінші екі аяғын, қолын, денесін суға үйретіп алған соң ғана шомылдыру керек екендігін айта кетейін. Суға денесі үйренген сәбиді жуынатын ыдысқа ептеп шалқасынан жатқызып, сол қолмен басын көтеріңкіреп ұстау керек. Ал оң қолмен баланың мойынын, кеудесін жуады. Сосын маңдайынан желкесіне қарай сипап, басын жуу керек. Одан әрі бір жұмсақ шүберекті сабындап алып, сонымен баланың барлық денесін абайлап жуып шыққан жөн. Әсіресе, нәрестенің құлағының сыртын, алақандарын, мойыны мен қолтығын мұқият жуу керек. Сәбидің бетін ваннадағы сумен жууға болмайды. Ол үшін жеке ыдысқа құйылған таза суды пайдаланады. Шомылатын судың жылылығы 36-37ºС аспағаны ләзім. Сондай-ақ, нәрестені жуындырғанда бөлме температурасы 20-22ºС, ал жаңа туған сәби үшін 22-24ºС болуы керек.

Баланы шомылдырып болған соң киіндіргенде қатты жыласа, мазасызданса киіндірмей-ақ жаялыққа орап, бірден емізіңіз. Сонда бала тынышталып, шомылғаннан болатын рахатты сезінеді.

Көңіл-күйін бұзып, айқайлатып киіндіріп, жылатқанша баланың қалауын жүзеге асырып, махаббатқа бөлеңіз.

Жаялыққа дәретін жіберсе, ештеңе емес! Жуасыз. Баланың жаялық, дәрет жіберген ползунки т.б бірден өзіңіз жуып қоюға дағдыланыңыз. Баланы әркім өзі үшін өмірге әкеледі. Үйдің басқа мүшесі артыңызды тазалауға міндетті емес

Сіздің балаңыз шомылғанды жақсы көре ме?

Аналарға кеңестер