Get Mystery Box with random crypto!

Ходунокқа қай кезден отырғызған дұрыс, пайдасы және зиянын т | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Ходунокқа қай кезден отырғызған дұрыс, пайдасы және зиянын талдаймыз.

Баланы ходунокқа бала өзі толығымен отыра алатын кезден бастап отырғызуға болады.

Күндігіне 1-2 сағ (үзіліспен 15-20 минуттан ) ғана.

Себебі баланың омыртқа бағаны енді дамып келе жатыр.
Егер сіз бала отыра алмай жатып ходунокқа отырғызсаңыз омыртқасына күш түсіп, омыртқаның қисаюына алып келеді.
Сондықтан әлі отыра алмайтын баланы қинамаңыз.

Пайдасы:

анасының қолы біршама босайды
бала қауіпсіз болады
Бала өзі ойнап отырады.

Зиянды жақтары:

Баланың омыртқасының қисаюына алып келеді
бала аяғының ұшымен жүреді баланың өздігінен жүруіне кедергі болады
балада тепе теңдікті сақтау бұзылады. Себебі ходунокқа отырғызғанда ходунок баланы қоршап қорған болып, баланың тепе теңдік сақтауда динамикалық кедергі жасайды. Ол қалай? Бала жүріп келе жатқанда теңселіп, құлап қайта тұрып үйренуі керек, сол құлау кезінде  мидың тепе-теңдік сақтау орталығына импульс барып, ол орталықтың жұмыс жасауға шақырады.

Сіз осыларды білдіңіз ба
Сіз қанша айдан отырғыза бастадыңыз?


Аналарға кеңестер