Get Mystery Box with random crypto!

'Балада тіс шығып жатыр ма, әлде ауырып қалды ма?',-деген сұра | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

"Балада тіс шығып жатыр ма, әлде ауырып қалды ма?",-деген сұрақ барлық аналарды алаңдатары анық.


Ендеше қысқаша түсіндіріп өтейін. Сүт тістер жүктіліктің 4 айынан бастап сүйектене бастайды да, 6 айға дейін дамиды: ⠀

Тіс шығу кезінде:
Аузынан көп сілекей бөлінуі;
Қолын аузына салу, кез-келген затты аузына салып, тістеу;
Саусақтарын жұлып алардай, ызаланып қолын шарт етіп аузынан шығару;
Мазасызды, тітіркенгіштік;
Тәбеттің төмендеуі;
Мұрыннан су ағу;(шырышты бөлінді, жасыл немесе іріңді емес).
Қызыл иектің ісінуі, қызаруы және ауырсынуы;
Дене қызуының шамалы жоғарылауы;
Ұйқының бұзылуы;
Іш өту(ішек перистальтикасы күшейеді).
Мұрын бітелуі, мұрыннан су ағу(ағзада барлық мүшелерде сөл бөліну күшейеді).

Тіс шығу белгісіне жатпайды:

Баланың дене қызуы - 38,5^С-тан жоғары, 2-3 күннен асқан температура;
Әлсіздік;
Көп мөлшерде немесе ұзаққа созылған іш өту(нәжісте қан, жасыл түсті, шырышпен, температура көтерілсе бірден дәрігерге қаралыңыздар);
Құсу;
Жөтел. Тіс шығу кезінде сілекей көп бөлінгендіктен шамалы ылғалды жөтел болуы мүмкін. Бала өз сілекейіне шашалып қалады(қақырықпен жөтелгендей естіледі). Ауырып қалған кезде қарқылдап, тоқтаусыз жөтелсе, тіс шыққанда кейде ғана жөтел болады.
Денеде бөртпелер шығу.

Кей балаларда сілекей ағу тіс шықпай тұрып та ағады. Тіс шығу кезінде сілекей сәл қоюланады және көбейеді. Кей балаларда тіс шығу ешқандай симптомсыз(сілекей бөліну, жөтел т.б) өтеді.

Ауруды тіс шығумен шатастырып асқындырып алмау керек.
Тіс шығу кезінде инфекциялық, тыныс алу жолдарының ауруларын асқындыру көп кездеседі. Бала аузына әр нәрсені сала бергеннен, ішек инфекциясы пайда болуы мүмкін

Балаңызда тіс шығу қалай өтті? Қандай белгілері байқалды? Неше айынан басталды?

Аналарға кеңестер