Get Mystery Box with random crypto!

Бала мұрыны бітелсе.. Ата-аналарда баласының мұрнында су ағы | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Бала мұрыны бітелсе..


Ата-аналарда баласының мұрнында су ағып бастаса болды қорқып,үрейлері қаша бастайды.Мұрыннан шырыштың аққаны ағзадағы болып жатқан процеске жауабы.Сондықтанда қорықпаңыздар

Мұрын бітеліп қалса, тыныс алу ауырлайды. Бұл жағдай күнделікті өмірде ыңғайсыздық тудырады және ұйықтауды қиындатады.

Егер оны емдемесеңіз, ол әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.

Пайда болу себебі

Мұрынның бітелуі – бұл ауру емес, ол басқа аурудың белгісі. Көп жағдайда, оның басты себепкері – суық тию. Бактериялар, вирустар үнемі мұрын ішінде өмір сүреді. Ауа райы суытқан кезде, олар өте агрессивті болып, шырыштың қабынуын тудырады. Сондықтан, адам жиі түшкіріп, мұрнынан және көзінен су аға бастайды.

Сонымен қатар, пайда болу себептеріне: аллергиялық реакциялар, аденоидтар және мұрын қуысының ісіктерін жатқызуға болады.

Үй жағдайында емдеу.
Мұрынды шаю. 1 стақан жылы судың ішіне, 1 қасық теңіз тұзын салып ерітіңіз. Содан кейін басыңызды бір жаққа еңкейтіп, ерітіндіні үстіңгі жағындағы тесікке құйыңыз. Осы процедураны күніне бірнеше рет қайталаған дұрыс.

Физ раствормен (NaCL) шаю.Пипеткамен алып ,әр мұрынға 2 каплядан тамызып, мұрын ішін ылғалдандырамыз.
Сондай -ақ, теңіз сулары, аква марис, аква лор, маример секілді теңіз суларыда жақсы көмектеседі.Бірақ құрамы физ раствормен бірдей.Физ растордың қшасыда қол жетімді.Мен әрқашан физ растворды алып, босаган аквамаристың ыдысына құйып қоямын.Балаға тамызғанда ыңғайлы.
Немесе бала тым кішкентай болып мұрны бітіп қалса таза стерильді мақтаны алып турунда жасап, физ растоворға малып алып, турунда бағытымен 2-3 мин қа бөлек бөлек мырнына тығып қоясыз.2-3 минуттан соң қарама-қарсы бағытта алып шығасыз.Жақсы әсер етеді .

Тамыр тарылтқыш капляларды(нафтизин, називин, оксивин) қажеттілік болмаса қолданудың керегі жоқ.
Тек дәрігердің нұсқаулығы бойынша ғана қолданамыз.
Сосын балаларға спрей қолдануға болмайды, себебі мұрын ішінде қан тамырлар өте нәзік болғандықтан капля қолданбаған дұрыс.

Аналарға кеңестер