Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 195

2021-07-03 14:13:34
Қостанай облысында қасқыр шабуыл жасаған әйел қайтыс болды

Қасқыр 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған.

«Қасқыр тістегеннен кейін Меңдіқара аудандық ауруханасына түсіп, ем қабылдап жатқан 50 жастағы әйел расымен де қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптамадан кейін айта аламыз», - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ауыл адамдары қасқырды көлігімен ауыл ішінде қуып жүріп атып алған.

t.me/aibat_news
105 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 13:20:02
Алматыдағы медицина университеті жабылды

ҚазМҮББ университеті өз қызметін тоқтатты. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің барлық студенті басқа медициналық жоғары оқу орындарына ауыстырылды.

«ҚазМҮББУ-да 3 500-ге жуық адам білім алды. Студенттердің басым бөлігі Алматы қаласының медициналық жоғары оқу орындарына ауысты. Кейбір студенттер оқуын Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалаларындағы медициналық ЖОО-ларда жалғастырды. Ауысу барысында қабылдаушы жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау және оқу нәтижелерін бағалау кезінде ҚазМҮББУ тарапынан жіберілген бұзушылықтарды жоюға тура келді. Ауыстырылған 111 студенттің жеке құжаттарында талап етілетін аттестаттар мен оларға қосымшалар болмады. Кейбір студенттердің ҰБТ-дағы сертификаттары да болған жоқ», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

t.me/aibat_news
38 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 12:33:31 Павлодар облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтері сотталды

Аққулы ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, Орталықтың есеп айырысу шотынан бюджет қаражатын жымқырған.

Қаражат Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған.

Бухгалтер материалдық жауапкершілікке және бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

t.me/aibat_news
37 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 10:58:11
Қостанайда әкесі ұлын балтамен ұрып өлтірді

73 жастағы әкесі мен 30 жастағы ұлы сөзге келіп қалып, жанжал барысында әкесі баласының басынан балтамен ұрып жіберген. Екеуі де мас болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

t.me/aibat_news
45 views07:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 09:37:13
Алматы облысында бір топ азамат 17 жастағы даяшы жігітті пышақтаған

«2021 жылдың 30 маусымында "Восточная сказка" отбасылық демалыс аймағында даяшы болып жұмыс істеген Шамалған ауылының тумасы, кәмілетке толмаған балаға бір топ адам шабуыл жасады. Олар 35-40 жаста. Зардап шеккен баланы ұрып, үш жерінен пышақ сұқты», - деп хабарлады Полиция департаменті.

Құрсақ қуысына пышақ сұғылған жігіт, терең жарақат алған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған.

t.me/aibat_news
49 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 08:30:06
ШҚО тас жолында жүк көлігі өртенді

«Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» күре жолының 40-шы шақырымында келе жатқан «Volvo FH 12» жүк көлігі өртенді.

«Өрт көлік қозғалтқышынан шығып, салонның 7,5 шаршы метрі жанған. Оқиғаның себебі – жоғары қаупі бар агрегатты абайсыз пайдалану», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

t.me/aibat_news
45 views05:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 08:07:13
АҚШ Қазақстаннан мыңдаған ауған азаматын уақытша қабылдауды сұрады

Байден әкімшілігі Орталық Азияның үш елі – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан НАТО күштерінің Ауғанстандағы миссиясы күзде аяқталғанға дейін альянсқа жәрдемдескен 9 мыңға жуық ауған азаматын уақытша қабылдауын сұрады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Каримов пен Сироджиддин Мухриддинді бейсенбі күні Вашингтонда қабылдаған. Сонымен қатар ресми кездесулер барысында өзбек және тәжік территорияларынан АҚШ-қа барлау және бақылау операцияларын жүргізуге рұқсат беру мәселелері де көтерілген. Сарапшылардың айтуынша бұл келісім екі мемлекет үшін де тиімді болуы мүмкін, себебі радикалды «Талибан» қозғалысының содырлары аймаққа қарай жылжып, қазіргі кезде Тәжікстан шекарасына жақындап қалған.

t.me/aibat_news
44 views05:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 07:20:49
Алматыда қоймада ірі өрт болды

Бүгін таңғы сағат 4:44 шамасында Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалар өртенген. Өртті сөндіруге 84 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылып, өрт сағат 07:44-те оқшауланып сағат 08:19-да толығымен сөндірілген.

t.me/aibat_news
84 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 07:12:53
Алматыда "дельта" штамының таралуына байланысты коронавирустың төртінші толқыны басталды

Бұл туралы Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин айтты.

«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауының басты себебі вирустың жаңа штамдарының пайда болуы. Дерттің күрт өсуін коронавирустың «төртінші толқыны» деп атауға болады. Біз індетке қарсы тұра аламыз, қазірдің өзінде 3 500 төсек-орын дайындалды. Бүгінгі күні науқастарға арналған 1 760 төсек-орын бар. Олардың санын 35%-ға арттырамыз», – деді Бекшин.

t.me/aibat_news
6 viewsedited  04:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 17:18:46 Әлем жаңалықтарына шолу:

Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны 400 мыңнан асты. Осылайша бұл ел өлім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында тұр. Екінші орында Бразилия, бірінші орында АҚШ орналасқан. Орта есеппен Үндістанда күніне 40 мың адам коронавирус жұқтырады. Сонда да Үндістан халқының бес пайызы ғана екпе салдырған.

Пандемияның себебінен 2020-2021 жылдары әлемдік туризм 4,8 трлн жоғалтуы мүмкін. Бұл қаржының 60 пайызы дамушы елдердің үлесіне тиеді. Түркия, Эквадор, Оңтүстік Африка, Мальдив аралдары туристердің азаюынан қатты зардап шекен. Туризм саласында жұмыс істейтін 100-120 млн адам жұмысын жоғалтуы ықтимал. Сарапшылар туризм 2019 жылғы деңгейіне тек бес жылдан кейін ғана оралады дейді.

Көріскенше күн жақсы
94 views14:18
Ашу / Түсініктеме