Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 190

2021-07-12 16:47:31 Қазақстанда карантин күшейді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мына мекемелердің жұмысын тоқтатуды тапсырды:

Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;

жабық жағажайлар мен аквапарктер қызметі.

Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері келесі қызметтерге тыйым салу туралы шешім қабылдады:

қоғамдық көлік;

Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;

Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтар, Фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;

Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, Концерт залдары, филармония, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрмелер;

Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді;

Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерін (спорт кешендерін, спорт мектептерін, спорт клубтарын, жаттығу залдарын);

білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары;

Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорт.

Жұмыс күндері қызметті шектеу тапсырылды:

Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, Фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, SPA-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер 20.00-ге дейін;

ОСО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан 18.00-ге дейін;

20.00 - ге дейін Ashyq жобасына, 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану объектілері, Тамақ өнімдері.
104 viewsedited  13:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 16:11:04
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7287 қазақстандық студент Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ көмегімен білім беру несиелерін алды. Ұйым несиелер бойынша кепілдік береді. Нәтижесінде талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, несие ала алады. Білім несиесін алған студент оқуын аяқтағаннан кейін 6 айдан соң негізгі қарыз сомасын өтей бастайды. Несие сомасы шектелмеген, ең бастысы, ол оқу құнынан аспауы тиіс. Сондай-ақ түлек айыппұл санкциясынсыз қарызды мерзімінен бұрын төлей алады», - делінген хабарламада.

Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеуге болады. Талапкер білім беру несиесін алу үшін серіктес қарыз алушыны ұсынуы қажет. Ол банкке жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы кірістері мен зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды тапсыруы тиіс.

t.me/aibat_news
36 viewsedited  13:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 14:55:08
Алматының элиталы ауданында су жоқ. Тұрғындар өзен суын ішуге мәжбүр. Мегаполистегі тілшіміз қымбат ауданның проблемасын қаузап көрді

t.me/aibat_news
22 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 14:05:21
Ақсу қаласында жас келіншек пен оның 5 және 7 жастағы екі баласын өлтірген қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Үш адамның мәйіті 12 шілдеде сағат 11:40-та Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған. Мәйіттерде азаптау белгілері, пышақ жарақаттары бар. Тергеу жүргізілуде.

t.me/aibat_news
543 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 12:45:17
Жамбылда диқандар бар суды бөлісе алмай әлек. Әңгіменің әлқиссасын өңірдегі тілшіміз Данияр Әлімқұл тыңдап қайтты

t.me/aibat_news
104 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 12:02:59
Алматыда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің сыртқы қабаты сылынып түсті

Үйдің бір жағындағы пенопласт қаптама қатты желден қабырғадан сырғып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

t.me/aibat_news
109 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 11:50:11
Алматыда ПТР анықтамасы мен вакцина паспортын қолдан жасап сатқандар ұсталды

«Достар Мед» және «Сұңқар» жеке медицина орталығы мен №4 емхананың қызметкерлері вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды.

Аталған фактілер ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу жүріп жатыр.

t.me/aibat_news
119 views08:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 11:25:43
1 млрд 39 млн доллар немесе 446 млрд теңге. Осынша сома еліміздегі ғылымды дамытуға жұмсалуы мүмкін. Бюджет бағдарламасының жобасында аталған сома 5 жылға көзделген. Қаржы мемлекеттік сыйақылар мен степендияларға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жабдықтарды сатып алуға қажет деп көрсетілген құжатта. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарындағы қажетті құралдарды 2024-ші жылға дейін 14,5 пайызға дейін жаңартуға бағытталады. Бюджет бағдарламасының жобасы негізгі 9 бағыттан тұрады.

t.me/aibat_news
98 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 09:55:49
WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады. Ол суреттер мен бейненің сапасына қатысты. Енді салмағы ауыр файлды жіберу кезінде оның сапасы автоматты түрде нашарламайды. Алдымен қолданушыға үш түрлі таңдау ұсынылады. Сапаның жоғарғы деңгейде сақталғанын қалағандары 3-ші түрді, яғни файлдың ықшамдалмай жетуін таңдауы тиіс. Аталған қызмет түрі желінің жуық арадағы жаңартылуында көрсетіледі деп күтілуде.

t.me/aibat_news
105 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 09:27:31
Баға биыл тұрақтанбайды. Ұлттық банктің болжамы бойынша еліміздегі күрт шарықтаған инфляция деңгейі 2022-ші жылдың 2-ші жартыжылдығында қалпына келеді. Яғни 4,6 пайыз нысаналы дәлізге түседі. Толығырақ сюжетте

t.me/aibat_news
101 views06:27
Ашу / Түсініктеме