Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 198

2021-07-01 10:02:24
Ет бағасы қанша?

Қасым-Жомарт Тоқаевтің азық-түлік бағасын төмендету туралы тапсырма бергеніне 2 апта болды. Журналистерге үнемі «жыны келіп жүретін» Серік Жұманғарин оны орындап жүр ме? Айя Мүтәлі елордадағы базарларды аралап, ет нарығын зерттеп қайтқан еді. Назар салыңыз

t.me/aibat_news
102 views07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 08:28:14
Жаңаөзенде тағы да көтеріліс

Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілге шықты. «Кезби» серіктестігінің 500-ге жуық жұмысшысы жалақыны көбейтіп, әлеуметтік жағдайды реттесін деген талап қойған. Мұнайшылар жалақыларын көтеруді, өздеріне тиесілі үстеме ақыны өтеуді талап етіп жатыр. Алатын айлығымыз 200 мың теңгеден аспайды дейді. Еңбек дауына жергілікті билік те араласқанымен, әзірге еш нәтиже жоқ.

t.me/aibat_news
102 viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 07:44:04
Іле ауданында 77 жастағы ер адам әйелінің мәйітін қомадан тауып алған соң полицияға хабар берген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрған. Ал олардың 57 жастағы қызы времянкада тұрып келген.

Оқиға орнынан әйелдің қылмысын дәлелдейтін айғақ заттар табылған. Ол қылмыс жасаған кезінде мас болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

t.me/aibat_news
101 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 06:53:25
Алматыда бір үйдің үш адамы дәретхана шұңқырына түсіп қайтыс болды

Қайғылы оқиға 30 маусым күні Наурызбай ауданына қарасты Абай ауылында болған. Шұңқырға алдымен 2020 жылы туған, бір жастағы қыз бала құлап кеткен. Оның соңынан қарындасын құтқармақ болып 2009 жылғы ағасы түскен. Олардан кейін балаларын құтқарамын деп әкесі түскен. Олардың соңынан 1955 жылғы әжесі түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар тек отағасын ғана аман алып қалған. Ол қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Әжесі мен екі немересі газдан уланып, сол жерде көз жұмған.

t.me/aibat_news
103 views03:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 17:46:02 Әлем жаңалықтарына шолу:

Германия мен Италия Ауғанстаннан әскерін шығарып болды. Екі елдің әскері осы елдің аумағында жиырма жылға жуық уақыт болған. Ал АҚШ пен НАТО әскерін шығаруды ресми түрде 1 мамырда бастаған. Бұл процесс 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяға «үлкен дағдарыс» келе жатқанын мойындады. Ол бұл жағдайды "халықты коронавирустан қорғай алмаған" шенеуніктердің кесірі деп отыр. Сол себепті "пандемияға қарсы күресте немқұрайдылық танытқан" бірталай шенеунікті қызметінен босатқан. Бірақ ел билігі бұған дейін елде коронавирус шыққанын ресми түрде растамаған.

Сәрсенбінің кеші сәтті өтсін!
103 views14:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 15:43:23
Қалада өткен тәулікте вирус мутациясының 46 үлгісі зерттеліп, оның 36-сынан «дельта» штамы табылған. Осылайша бір тәулікте үнді штамын жұқтырғандар үлесі 78,3%-ға жетіп отыр.

Ал ауырғандардың 8-інен «альфа» (британ) штамы анықталған. Яғни салыстырмалы үлесі 17,4%.

t.me/aibat_news
73 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 14:58:01
Бүгін Боровской шағын ауданындағы көп қабатты үйдің 35 тұрғыны эвакуацияланды. 9-қабаттағы өрт шыққан пәтерде үй иелері болмағандықтан өрт сөндірушілер автосатыны қолданып, өртті көшеден сөндірген.

9 шаршы метр алаңның балконында өрт болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

t.me/aibat_news
94 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 14:00:03
2021 жылдың бірінші тоқсанында табысы күнкөріс минимумнан төмен отбасылардың үлесі 4,5 пайызға артқан. Бұл туралы Finprom сайты жазды.

Кедейлік көрсеткіші қалалық жерлерде өскен. Ауылдық жерлерде өзгеріс жоқ.

Табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың үлесі Түркістан облысында, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында көп.

t.me/aibat_news
98 viewsedited  11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 12:56:49
Тынысы тарылған тұрғындар

Алматы тұрғындары таяқ тастам жерде тұрған цемент зауытынан зәрезап болған. Өндірістен ұшқан шаңнан денелерін қотыр басып, балалар демікпемен ауыра бастаған. Тілшіміз Әйгерім Шакаманова тұрғындардың жанайқайын тыңдап қайтқан еді

t.me/aibat_news
92 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 11:09:24
Павлодар облысында атын суармақ болған жасөспірім мерт болды

Қайғылы жағдай Баянауыл ауданында болған. 2006 жылғы бала Жаңатілек ауылынан 5 шақырым жердегі Ащысу өзені маңында сыныптастарымен бірге атқа мініп, серуендеп жүрген. Атын суарып алмақ болып, суға кірген. Алайда құлап түсіп, суға батып кеткен. Жылқы жағаға қашып шыққан. Сыныптасы ересектерді көмекке шақырған. Өкінішке қарай, оқиға орнына жеткен әкесі баласына көмек көрсете алмаған.

t.me/aibat_news
101 views08:09
Ашу / Түсініктеме