Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 192

2021-07-09 18:18:31 Әлем жаңалықтарына шолу:

Жаһанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университеті хабарлады. Осылайша індеттен көз жұмғандардың саны 1982 жылдан бері болған әлемдік соғыс құрбандарының санынан да асып кетті. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші бойынша АҚШ көш бастап тұр. Мұнда 606 мыңнан астам науқас «ковидтен» көз жұмған. Алғашқы үштікте Бразилия мен Үндістан бар.

Біріккен Араб Әмірліктерінде алғаш рет әйел-астронавт ғарышқа аттанады. 28 жастағы Нұра әл-Матруш әріптесімен бірге НАСА-ның ғарышкерлерді дайындау бағдарламасынан өтеді. Олар 4 мыңдай үміткердің ішінен іріктелген. Осылайша, ресми Абу-Даби ғарышты игерудегі әлеуетін кеңейтіп жатыр. 2021 жылы мемлекет Марсқа арнайы миссиясын жіберіп, Ай бетін де зерттеуді бастады.

Кештеріңіз көңілді өтсін

t.me/aibat_news
125 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 17:53:54
Бүгін қажылыққа баратын 143 адамға жалған вакцинация паспортын жасатқан туристік агенттік әшкере болған еді.

Осы орайда ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов пікір білдірді

t.me/aibat_news
119 views14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 17:08:33
Елімізде локдаун жариялануы мүмкін бе? Билік қандай қам жасап жатыр? Тілшілеріміз тарқатады

t.me/aibat_news
63 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 15:41:57 Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар мен жағажайлар жабылады

Елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Мейрамхана, дәмхана және кофеханалар жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетіп, сенбі және жексенбі күндері жабық болады.

Компьютер, PlayStation клубтары, боулингтер, концерт залдары, театрлар, көрмелер, бильярд, караоке, хайуанат парктері, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының жұмысына да тыйым салынбақ.

Құжат қала аумағындағы жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктердің жұмысына да тыйым салады.

Қаулы 11 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

t.me/aibat_news
122 views12:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 14:59:09
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда трансұлттық қылмыстық қоғамдастық көмекшісін ұстады. Ол жалған 400 мың АҚШ долларын өткізбек болған кезде ұсталған. Қырғызстан мен Ресей қылмыс әлемінің серкелерімен байланыста болған.

t.me/aibat_news
112 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 14:02:08
Есентай өзені бойындағы мемлекет жерін коттедж иелеріне кім берген? Тілшіміз саралап көрді

t.me/aibat_news
116 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 13:17:32
Оқиға бүгін таңертең Түрксіб ауданында болған. «Жас қанат» шағынауданындағы көп қабатты үйдің қаптамасы сетінеген. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін аумақ қоршалған.

"Тұрғын үй 2015 жылы пайдалануға берілді. Екі кепілдік мерзімі аяқталды. Мамандарды қасбеттің бөліну себептерін тексеру үшін оқиға орнына жібердік. Бұл сапасыз құрылыс немесе техникалық қызмет көрсету салдарынан болуы мүмкін. Үйдің қасбеті минералды жүнмен, тор және сылақпен қапталған. Қабырға мен қаптама арасына жоғарғы жағынан су кіруі мүмкін. Қазір кім кінәлі екенін анықтау керек: құрылыс салушы "Астана құрылыс" немесе ПИК. Олардың бірі салдарды жояды", - деді Алматы қалалық тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Олжас Тәжібаев.

t.me/aibat_news
133 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 11:56:03
Қылмыскер жаралаған полицей көз жұмды

Ол өмірінің соңғы сәтіне дейін қызметіне қайта оралуды армандаған. Бірақ ажал алып кетті. Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшысы туралы сюжетті тамашалаңыздар

t.me/aibat_news
127 views08:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 10:05:50
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің үш облысында вакцина паспортын сатқан медқызметкерлерді ұстады. Бұл туралы агенттік төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Вакцинация паспортын қолдан жасайтын деңгейге дейін жеттік. Күні кеше үш өңірде осындай паспорттарды сатып келген медқызметкерлер ұсталды. Олар екпе алмаған адамдарды алды деп құжат рәсімдеген. Ал, екпенің өзін төгіп отырған. Міне, халықтың денсаулығынан ақша істеп отыр, бюджеттің ақшасы да желге ұшып жатыр», - деді Ахметжанов агенттіктің алқа отырысында.

Ұсталған қызметкерлер Нұр-Сұлтанда, Ақмола мен Алматы облыстарында жұмыс істеген.

t.me/aibat_news
127 views07:05
Ашу / Түсініктеме