Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 193

2021-07-09 09:16:19
Лесная Поляна жұртының жанайқайы тілші материалында

t.me/aibat_news
118 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 08:41:55
Суреттен 8 күн бойы тілсіз жаумен алысқан ұлытаулық өрт сөндірушілерді көруге болады. Өрт сөндіруге жалпы саны 540 адам қатысқан. Алғашқы күндері желдің әсерінен өртті ауыздықтау қиынға соққан. Дегенмен сегізінші күн дегенде өрт толықтай өшірілді. Бір жігіт қаза тауып, 200-ден астам мал жанып кеткен.

t.me/aibat_news
112 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 08:25:53
Екі адамның мәйітін шатастырып алған

Нұр-Сұлтанда мәйітхана қызметкерлері екі адамның сүйегін шатастырып алған. Марқұмның туыстары мәйіттің мүлдем басқа адамдікі екенін жаназа үстінде бір ақ біліпті. Сорақысы сол, олар екінші мүрдені тіпті басқа қалаға беріп жіберіпті. Толығырақ Айя Мүтәлінің материалында

t.me/aibat_news
112 views05:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 07:54:53 Қазақстанда онлайн сауданың үлесі 57 пайызға артты

Азаматтар өткен жылы 1,1 триллион теңгеге тауар сатып алған белгілі болды. Қолма қол сатып алудан бас тартқан өңірлердің ішінде Қарағанды облысы көш бастап тұр. Топ үштікке Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысы кірген. Тұрғындар негізінен киім-кешек, азық-түлік және дәрі-дәрмекке ақша жұмсағаны белгілі болды.

t.me/aibat_news
110 views04:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 19:20:26 Әлем жаңалықтарына шолу:

Байден Гонконгқа қатысты төтенше жағдай режимін тағы бір жылға, 2022 жылдың 14 шілдесіне дейін созды. Ақ үй басшысының айтуынша бұл аймақтағы ахуал АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына қауіп төндіреді.

Дубай портында ірі жарылыс болды. Сауда кемелерінің бірі жарылып, өрт шыққан. Мұнай танкерінде болған жарылыстан үйлердің есік-терезесіне дейін шайқалған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жарылыс себебі анықталып жатыр.

Көріскенше күн жақсы
63 views16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 16:34:10 Ақтөбе облысының білім басқармасы 7 жастағы оқушының зорланғанын жоққа шығарды

Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша бірінші сараптама 7 жастағы баланың зорланбағанын көрсеткен. Қазір қайтадан екінші сараптама жүргізіліп жатыр. Нәтижесі қашан шығатыны белгісіз.

Келеңсіз оқиға орын алған №14 мектеп видеокамералармен жабдықталған. Бірақ дәл сол күні камералар жұмыс істемеген. Себебі оған дейін жөндеуге өткізіліпті.

t.me/aibat_news
65 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 15:58:23 Нұр-Сұлтанда карантин тағы да күшейтіледі

Мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:

жабық жағажайлар мен аквапарктар (бассейні бар)

қалалық жағажайлар, соның ішінде шомылуға рұқсат етілмеген жағажайлар

ашық аквапарктер

серуендеуге арналған кеме құралдары (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.)

кинотеатрлар

Сонымен қатар, тамақтану орындарының жұмыс істеу уақыты қайтадан өзгереді.

t.me/aibat_news
63 views12:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 14:58:57 Ресей шекарасынан өтетін азаматтар жаңа мобильді қосымшаны жүктеуі керек

10 шілдеден бастап азаматтар Ресей шекарасын кесіп өту үшін ПТР сынамасының бар екенін «Путешествую без COVID-19» бағдарламасы арқылы растауы қажет.

Алдымен қосымшаны жүктеу керек, содан кейін өтінімде көрсетілген тізімнен ең жақын зертхананы таңдау керек. Осыдан кейін ПТР сынағынан өтіп, нәтижесін алғаннан кейін QR кодын сканерлеу арқылы «Тестілер» бөліміндегі қосымшаға жүктеуіңіз керек (кодты зертхана береді). Шекарадан өткен кезде шекарашыларға осы кодты көрсетесіз.

t.me/aibat_news
68 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 13:54:22 Қазақстандықтар жәрдемақыны тұратын жеріне қарамастан кез келген ХҚО-дан рәсімдей алады

2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің экстерриториалды қағидаты енгізіледі.

Қазақстандықтар тұрақты тіркеу мекенжайына қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-сына жүгіне алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтты.

t.me/aibat_news
66 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 13:06:16 Экономика және қаржы жаңалықтары:

Capital Bank Kazakhstan салымшыларына 518,7 млн теңге төленді. Банк салымшыларына кепілді төлемдерді қайтару процесі 2021 жылдың 3 шілдесінде басталған. Бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жалпы міндеттемелерінің 30,8%-ын құрайды. Кепілді төлемдер бір жыл бойы, яғни 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін қайтарылады.

Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы анықталды. Finiko компаниясына қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш компания әлеуметтік желілерде өз қызметін қарқынды жарнамалап, инвестициялық қызметтен көп табыс табуды ұсынған.

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 4,2 млрд теңгені басқарушы компанияларға аударған. Оның ішінде 1,8 млрд теңге Jusan Invest-ке, 1,1 млрд теңге Halyk Global Markets-ке, 0,8 млрд теңге BCC Invest-ке, 0,4 млрд теңге «Сентрас Секьюритизке» аударылған. 1,5 трлн теңге тұрғын үй-жайларды жөндеуге, 18,4 млрд теңге емдік процедураларға аударылған.

t.me/aibat_news
72 views10:06
Ашу / Түсініктеме