Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 191

2021-07-12 09:01:15
Коронавирусқа қарсы Pfizer және Moderna вакциналарынан кейін жүрек қабынуы мүмкін. Бұл туралы Дәрі-дәрмек жөніндегі Еуропалық агенттік мәлімдеді. Қарт құрлықта Файзердің 177 миллион дозасы салынып, екпеден кейін 145 адамда миокардит, 138-інде перикардит анықталған. Ал Модерна вакцинасын алған 2 миллиондай адамның 19-ы жүрек ауруына шалдықты. Мұндай оқиғалары Америкада да тіркелген. Енді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препараттардың жағымсыз әсерлеріне қатысты зерттеу жүргізіп жатыр.

t.me/aibat_news
103 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 08:39:52
Шымкентте 29 жастағы депутат 2 млрд теңгенің тендерін ұтып алған. Ал жұртшылық бұл тендердің әділ өткеніне күмәнданып отыр. Мәселенің анық-қанығы тілші материалында

t.me/aibat_news
52 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 08:03:27 Коронавирус: Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

t.me/aibat_news
101 views05:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 07:23:01 Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тәуліктік cаны рекордтық көрсеткішке жетті

Елде өткен тәулікте 3899 адамда коронавирус індеті анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 458 724 адамға жетіп отыр. Олардың 413 498 мыңы емделіп шыққан.

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан елімізде бір тәулікте 37 адам қайтыс болды. 126 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

t.me/aibat_news
100 views04:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 16:26:31
БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

Қайғылы оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған. Бүлдіршін атасының үйіне Ресейден қонаққа келген.

«Кішкентай қыз кешкі уақытта атасымен бірге шөп шабуға барғысы келген. Алайда көп ұзамай қайғылы оқиға болған. Ересектер жұмыс істеп жүргенде бала байлаулы тұрған итке қарай жүгіріп кеткен. Қабаған ит баланы сол жерде талап тастаған. Қыз баланы құтқару мүмкін болмады, иттің тісі оның мойнын жаралап, күретамырын қиып жіберген. Иттің қожайыны – мерт болған қыздың атасы», - дейді Трекин ауылының тұрғындары.

Трекин ауылының әкімі Мәлік Сейтов бұл ақпаратты растаған.

t.me/aibat_news
34 views13:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 15:47:09
Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды

Air Astanа әуе компаниясының баспасөз мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні болған.

Ақ қан дертіне шалдыққан балаға бұған дейін ауыр ота жасалған. КС 972 рейсіне отырар сәтте бала өзін нашар сезінгенгендіктен, оны экипаж оттегі аппаратына қосқан. Бала аппараттың көмегімен 30 минут тыныстап жатқан, алайда артынша тынысы тарылып, көгере бастаған. Ал ұшақ төмендеген кезде есінен танып қалған.

«Әуежайға қонған кезде балаға жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, дефибриллятор қолданылды және дереу дәрігерлердің қолына тапсырылды. Өкінішке қарай оны құтқарып қалу мүмкін болмады», - делінген Аir Astana хабарламасында.

t.me/aibat_news
102 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 19:27:50
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
116 views16:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 15:51:49 7 жастағы оқушы зардап шеккен мектептің директоры мен орынбасары оқиғаның мəн-жайы анықталғанға дейін қызметінен шеттетілді.

Ақтөбеге Білім жəне ғылым министрлігінің өкілдері аттанып, зәбір көрген баланың отбасына барды. Балаға қажетті бар көмек көрсетіледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.
119 viewsedited  12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 11:36:34 Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
83 views08:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 10:19:08
Президент ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуі керектігін айтты

«Малдың қырылуына және азықтың жетіспеушілігіне жол берген Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі тиіс деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
119 viewsedited  07:19
Ашу / Түсініктеме