Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 196

2021-07-02 15:53:58
Қате рәсімделген әлеуметтік төлемді қайтармауға болады

Толығырақ сюжетімізден көріңіздер

t.me/aibat_news
95 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 15:34:57
«Бұл жолғы Олимпиада жеңіске еткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын спортшы мен бапкер үшін 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы 150 мың доллардан, осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

t.me/aibat_news
100 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 14:50:18
Үнді штамы 1 айлық баладан анықталды

Алматылық санитар дәрігерлер ата-аналарды үйде отыруға немесе кішкентай балаға да медицианалық маска тағуға кеңес беріп отыр. Ата-аналар «сәбилерге бетперде кигізу мүмкін емес» дейді. Тілші материалына назар салыңыз

t.me/aibat_news
41 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 13:55:00
Елдегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар орталығынан жалпы сомасы 76 млн теңге ізім-қайым жоқ болған. Қыруар ақшаның қайда кеткені белгісіз. Қаржылық мониторинг агенттігі мамандарының айтуынша 21 заңбұзушылық тіркеліпті. Дені қызметкерлерге жалақыны негізсіз өсіріп беру, есепшілердің жымқыруы мен қажетсіз тендерлер ойнату фактілері. Осындай балалар интернатының бірінде ғимараттың жөндеу жұмыстарына бағытталған 3 млн теңге ұрланған. Енді бұл ақшаның сұрауы кімнен алынбақ?

t.me/aibat_news
99 viewsedited  10:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 13:15:17
Қарасораның суреті бар киімді кигендерге 1 млн теңге айыппұл салынады

Қарасора өсімдігінің суреті бар киімді кигеніңіз үшін 1 млн 166 мың 800 теңге айыппұл төлейсіз. Есірткінің суреті бар бас киім мен жейделерді саудалаған сатушылар да жазадан құтылмайды. Себебі Ішкі істер органдары оны есірткінің жарнамасы деп есептейді екен. Қостанайда тіпті полицейлер базарда рейд жүргізіп, аталған киімдерді сөреден алып тастауға мәжбүрлеп жатыр. Әзірге ескертумен шектелеміз, кейін миллион теңгеден астам айыппұл саламыз дейді. Толығырақ маман жауабынан біліңіз

t.me/aibat_news
557 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 12:19:48 Вакцинасыз кімдер жұмысқа кіре алмайды?

Елімізде вакцина алмағандар енді жұмысына кіре алмайды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлерін екпе салуға міндеттеді. Құжатқа сәйкес, тұрғындар бірінші компонентті 15 шілдеге дейін, ал екіншісін 15 тамызға дейін қабылдауы тиіс.

Екпе салдыруға міндеттелгендердің қатарында сауда орталығы, тамақтану орны, мәдениет және демалыс объектілері, вокзал және әуежай қызметкерлері, білім беру және Денсаулық сақтау ұйымдары бар. Сондай-ақ, санатория орталығы, дәріхана, экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар мен ойын-сауық объектілері, байланыс және телекоммуникация саласының қызметкерлері де міндеттелген.

Ал екпе салдырмағандар 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өтуі керек.

t.me/aibat_news
91 views09:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 11:47:20
Кәсіпкерлерге қолдау аз

Пандемиядан кейін шығынға батқан кәсіпкерлердің жағдайы әлі де мәз емес. Салдарынан Қазақстан әлемдік рейтингте төменгі үштіктің қатарында тұр. Толығырақ тілші материалында

t.me/aibat_news
97 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 10:57:59 Путин Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға жеткізуге көмектесуге уәде берді

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

"Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселелердің бірі қазақ халқының қасиетті артефакті - Кенесары ханның сүйегін іздеу және Қазақстанға қайтару тақырыбы болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті.

Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады"
, - деді Айдос Үкібай.

t.me/aibat_news
97 views07:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 10:04:42
Дегенмен спортшылардың соңғы әрі нақты тізімі 5 шілдеден кейін анық белгілі болады. Себебі Ұлттық Олимпиада комитеті кейбір спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың лицензияларды қайта бөлу, үлестіру нәтижелерін күтіп отыр.

Ал Токио олимпиадасында Қазақстанның туын Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ұстап шығатын болды.

t.me/aibat_news
51 views07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 09:14:58 Зейнетақы қорындағы қаржыға баланы емдетуге болады

Зейнетақы қаржысының бір бөлігіне енді баланы емдетуге, ЭКО жасатуға және шипажайда демалуға рұқсат беріледі. Жаңа құжатты Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.

Қордағы ақшаға тек ел аумағында ғана емес, шет елде де емделуге болады. Ол үшін медициналық комиссияның қорытындысын алып, шетелдік ұйыммен келісімшартқа тұру қажет. Зейнетақы қаражатын өзге де жақындарыңыз үшін алуға рұқсат. Ол үшін Егов порталына кіріп, туыстық байланысты растау шарт. Қордағы қаржыны онкологиялық ауруы бар азаматтар да сұрата алады.

t.me/aibat_news
96 views06:14
Ашу / Түсініктеме