Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 197

2021-07-02 08:35:09
Сусыз қалған ауыл тұрғындары әкіміне өлең арнады

Ақтөбе облысы Маржанбұлақ ауылының тұрғындары 40 градустық аптап ыстықта сусыз отыр. Сюжетке назар салыңыз

t.me/aibat_news
50 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 08:03:01 Ashyq жүйесіне тіркелмеген нысандардың жұмысы тоқтайды

Жексенбіден бастап Ashyq жүйесіне тіркелмеген бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салынады. Ал жүйеге қосылудың жаңа талабы бойынша ұжымдағы жұмысшылар вакцина алуы керек.

Қаулы бойынша Ashyq жобасына қатыспайтын бассейндер, СПА, массаж, фитнес-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысына рұқсат берілмейді. Ал, жобаға тіркелгендері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін істейді. Әр топта бес адамнан артық болмауы керек. Сенбі және жексенбі күндері оларға да қызмет көрсетуге тыйым салынды.

t.me/aibat_news
101 views05:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 07:18:47 Елдегі эпидемиологиялық ахуал:

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары;

«Сары аймақта»: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары;

«Жасыл аймақта»: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

t.me/aibat_news
49 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 20:03:29 Әлем жаңалықтарына шолу:

Путин ІТ-гиганттарды Ресейде филиалын ашуға міндеттейтін заңға қол қойды. Құжат 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Енді Facebook, Instagram, TikTok, Twitter, WhatsApp, Telegram, Aliexpress, Wikipedia сияқты алпауыттар Ресейде кеңселерін ашуы керек. Бұл талаптан бас тартқан жағдайда олардың жарнама жасауына, ресейліктерден ақша алуына, қолданушылардың жеке деректерін алуына тыйым салынады. Тіпті толықтай жұмысы бұғатталуы мүмкін.

АҚШ-та аптап ыстықтан кемі 63 адам қайтыс болды. Орегон штатындағы температура 46,7 градусқа жеткен. Үш күннен бері ыстықтың беті қайтпай тұр. Халық желдеткіштердің көмегімен жан сауғалап жүр. Осыған байланысты электр тұтыну көлемі еселеп өскен. Көптеген қоғамдық орындар мен мейрамханалар жабылған. Себебі ғимарат ішінде ауа жоқ.

Ертеңге дейін
103 views17:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 15:08:27
Вакцина алуға мәжбүрлеу заңды ма?

20 адамнан асатын ұжым екпе салдырсын деген талап қаншалықты орынды? Санитар дәрігердің жарлығы Кодекстен де жоғары тұрғаны қалай? Тілшіміз Жалғас Зейнолла анықтады

t.me/aibat_news
58 viewsedited  12:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 14:21:27 Экономика және қаржы жаңалықтары:

Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры биылғы тамыз айына арналған депозит мөлшерлемелерін бекітті. Теңгедегі қысқа мерзімді депозиттердің мөлшерлемесі өзгерген жоқ. Себебі Ұлттық банктің маусымдағы базалық мөлшерлемесі 9,0% болған. Депозиттердің мөлшерлемесі тікелей осы көрсеткішке байланысты. Ал ұзақ мерзімге салынатын жинақтау депозиттерінің 13,9% төмендеді.

Мамырда қазақстандықтар 1800-ден астам алтын құйма сатып алған. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында сұраныс жоғары. Мамырда сатылған 1813 алтын құйманың жалпы салмағы 60,7 кг. Халыққа алтын құймаларын сату бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған. Содан бері жалпы салмағы 1,95 тонна болатын 54 780 алтын құймасы сатылған.

Қазақстанда аотын өндірісі өсуде. Бес айда 28 тонна тазартылған алтын өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп.

Мамыр айында елдегі инфляция көрсеткіші 7,2% құрады.

t.me/aibat_news
98 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 13:45:20
Парламент алты айда не бітірді?

Депутаттар жазғы демалысқа кетті. Алмас Амангелді экс-депутат Серік Әбдірахмановтан Парламенттің алты айлық жұмысына қандай баға беретінін сұрап көрді. Сұхбат тамашалаңыздар

t.me/aibat_news
60 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 12:46:01
Вице-министр Әсет Тұрысов eGov mobile-да QR-код әзірленіп жатқанын және вакциналау паспортына енгізілетінін айтты.

«Сонымен қатар, вакциналау паспорттарының қағаз нұсқаларында QR-код бар. Сондықтан, шетелге шығарда шекарада қиындықтарға тап болмау үшін қағаз нұсқасын алуға болады. EGov mobile-ға келсек, енгізу жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап өтті ол.
91 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 11:47:26 Нұр-Сұлтанда карантин үшінші рет күшейтіледі

Мейрамхана, кафелер және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылады;

4 шілдеден бастап «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады;

«Ashyq» жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.

t.me/aibat_news
58 viewsedited  08:47
Ашу / Түсініктеме