Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 194

2021-07-08 12:23:15 Еске салайық, Дмитрий Писарев 2019 жылы стюардесса Лаура Ізбасароваға кеудені тартатын ота жасаған. Ота кезінде қыздың жағдайы нашарлаған. Басқа аурухана дәрігерлері оның өмірін сақтап қалуға тырысқан.

Дмитрий Писарев бұған дейін де істі болған. 2018 жылдың соңында оны 33 жастағы Украина азаматшасының өліміне кінәлі деп тапқан. Дана Агамурадова липосакция үшін арнайы Алматыға ұшып келген. Алайда отадан кейін жағдайы нашарлап, қаза тапқан. Кейінірек оған мұндай пластикалық процедуралардың қарсы көрсетілгені анықталған.

t.me/aibat_news
102 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 12:23:08
Алматыда ота жасаған соң пациенті қайтыс болған пластикалық хирург сотталды

Дмитрий Писаревті сот "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша кінәлі деп тапқан.

«Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп тауып, мерзімнің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ешқайда шықпау туралы қолхат жойылсын» - деп мәлімдеді сот.

Ол енді қайтыс болған Лаура Ізбасарованың отбасына 8 миллион теңге өтемақы төлеуі қажет.
106 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 11:30:05
Сегізінші күн дегенде ірі өрт ошақтары сөндірілді. Енді өрт әрі қарай тарамайды. Атап айтқанда Жангелді, Ақтас, Шеңбер, Амангелді ауылдарының аумағындағы өрт өшірілген. 40 мың гектарға жуық жер жанып кеткен.

Малы қырылған жергілікті тұрғындарға қанша өтемақы төленетіні әзірге белгісіз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ал өрт кезінде көз жұмған 23 жастағы Бейбарыс өртті сөндіруге қатыспаған дейді құзырлы органдар. Ол ерікті өрт сөндірушілер тізімінде болмаған. Қазір өлім себебі анықталуда. Жігіттің жақындары болса бұнымен келіспейді. Оның су құйып алып, өрт сөндіруге кеткенін айтып отыр.

t.me/aibat_news
79 viewsedited  08:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 10:20:04
9 сыныптың 4 оқушысы 7 жастағы баланы мектептің дәретханасында ұрып-соғып, зорлаған. Ал жәбір көрген оқушының шағымына ұстаздары мән бермеген. Полицияға баланың әжесі арыз жазған.

Наурыз айының басында бала мектепке барғысы келмей, қиғылық салған. Өзін 9 сыныптың оқушылары ұратынын, кейін зорлайтынын айтқан.

Ал мектептегілерден видеожазбаны талап еткенде, ондағылар құрылғының істемейтінін, видеожазба жоқ екенін жеткізген.

Бұл оқиғалан баланың психологиясы қатты зардап шеккен. Екі айдан бері баламен психолог жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір тергеу басталған.

t.me/aibat_news
303 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 08:54:41
Үлкен Алматы көлінде жоғалып кеткен келіншек табылды

Бірақ Әлия Қамиеваның жағдайын мамандар өте ауыр деп бағалап отыр. Оны таудан түсіру үшін тікұшақ жіберіледі.

«8 шілде күні сағат 10:56 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментіне РЖҚЖ-дан Үлкен Алматы көлі аумағында хабарсыз кеткен Әлия Камиеваның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет. Департамент ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағының ұшуын ұйымдастырды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

t.me/aibat_news
80 views05:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 14:45:44
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ежелгі дәуірден жеткен қастерлі домбыраның ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқанын және қазіргі уақытта ұлттық брендімізге айналғанын айтты.
104 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 14:09:20
Елордада Алаш арыстарының ескерткіші ашылды

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы бейнеленген ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылды.
105 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 10:41:07 АН-2 ұшағының құлауына байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өзге ақпарат Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.
99 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 10:22:23
Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағы құлады

4 шілдеде шамамен сағат 07.00-де Қараұлтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Техникалық ақауларға байланысты ұшудан бірнеше шақырым өткен соң, мәжбүрлі қону кезінде ұшақ тікелей алаңға құлады.

"Ұшақта 1954 және 1967 жылғы екі ұшқыш отырған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ "Илиса" ЖШС-не тиесілі болған", - делінген хабарламада.
42 views07:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:59:13
Елорда мен Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылды

Елордадағы ескерткіштің ашылуына Президент Тоқаев қатысты. Ескерткіш Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы жуырда ашылған саябақтың аумағында орналасқан.

Ал Түркістандағы ескерткіш қаланың əкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.
104 views15:59
Ашу / Түсініктеме