Get Mystery Box with random crypto!

АҚШ Қазақстаннан мыңдаған ауған азаматын уақытша қабылдауды сұ | Новости ПК

АҚШ Қазақстаннан мыңдаған ауған азаматын уақытша қабылдауды сұрады

Байден әкімшілігі Орталық Азияның үш елі – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан НАТО күштерінің Ауғанстандағы миссиясы күзде аяқталғанға дейін альянсқа жәрдемдескен 9 мыңға жуық ауған азаматын уақытша қабылдауын сұрады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Каримов пен Сироджиддин Мухриддинді бейсенбі күні Вашингтонда қабылдаған. Сонымен қатар ресми кездесулер барысында өзбек және тәжік территорияларынан АҚШ-қа барлау және бақылау операцияларын жүргізуге рұқсат беру мәселелері де көтерілген. Сарапшылардың айтуынша бұл келісім екі мемлекет үшін де тиімді болуы мүмкін, себебі радикалды «Талибан» қозғалысының содырлары аймаққа қарай жылжып, қазіргі кезде Тәжікстан шекарасына жақындап қалған.

t.me/aibat_news